Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

VII ғасыр: Қазақстанда алғаш рет өте сирек кездесетін монета табылды

Мәдениет
VII ғасыр: Қазақстанда алғаш рет өте сирек кездесетін монета табылды

«Таңбалы» ғылыми қызметкерлері халықаралық тарихи-археологиялық экспедиция өткен Қоғалы алқабында қазба жұмыстары кезінде сенсациялық жаңалық ашты. Қазақстанда алғаш рет өте сирек кездесетін тиын табылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті.

Түркі-соғды ерте ортағасырлық нумизматика саласындағы мамандардың пікірінше, бұл монета VII ғасырдың ортасынан бастап қолданылған.

Экспедиция зерттеу жүргізген Коғалы алқабының ескерткіштері VII-VIII ғасырлардың алғашқы жартысында Жетісу жерін мекендеген батыс түріктердің мәдениетіне жатады, - делінген хабарламада.

Қазір «Таңбалы» ғылыми-реставрациялық зертханасында бірегей артефактқа қатысты алғашқы консервациялық жұмыстар жүргізілуде.

Археологиялық қазба жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу