Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Халыққа тегін берілетін 3500 дәрінің 20 пайызы стандартқа сай емес

Денсаулық
Халыққа тегін берілетін 3500 дәрінің 20 пайызы стандартқа сай емес
freepik.com

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тимур Мұратов Үкімет отырысында халыққа тегін беріліп келген кейбір дәрілерді Қазақстан аумағында тіркеу уақытша тоқтатылғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz. 

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау мақсатында елімізде 2 зертхана жұмыс істейді.

Биыл 1 723 дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша 43 дәрілік заттарда сәйкессіздік анықталып, олар нарықтан алынып тасталды, — деді ол.

Министрлік тұрғындарға тегін берілетін 3 500 дәрілерінің тиімділігі мен қолдану барысындағы тәуекелдерді бағалап, 20%-ынан сәйкессіздік анықтаған.

— Осыған байланысты өндірушілер тіркеу құжаттарына өзгерістер енгізіп, ал күрделі жағдайларда препараттың тіркелуі уақытша тоқтатылады, — деді Тимур Мұратов.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу