Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Хезболла» мерт болған Насралланың орнына жаңа басшы тағайындады

Әлем
«Хезболла» мерт болған Насралланың орнына жаңа басшы тағайындады

Ливандық «Хезболланың» жаңа Бас хатшысы болып Наим Касем сайланды.  

Естеріңізге сала кетсек, «Хезболланың» бұрынғы Бас хатшысы Хасан Насралла 27 қыркүйекте Израильдің шабуылынан қаза тапқан еді. 

Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Касем Бас хатшының орынбасары болған.

«Хезболла» мәлімдеме жасап, өз мақсаттарына жету үшін бірігіп жұмыс істеуге ант берді.

Хасан Насралла Израильдің Бейруттағы жерасты штабына жасаған әуе шабуылына дейін «Хезболланы» 1992 жылдан бері басқарған. 5 қазанда Израиль әскери-әуе күштерінің соққысынан Бас хатшының орнын басады деген Хашем Сафиеддин де қаза тапқан болатын.

БАҚ Ливан Газа бойынша бейбіт бастамаларға қосылса, қозғалыс атысты тоқтатуға дайын екені туралы хабарлады. Газа секторындағы Израиль мен палестиналық «ХАМАС» арасындағы соғыс 2023 жылдың 7 қазанында басталып, әлі жалғасып жатыр. Осы аптада Израиль кепілге алынған адамдарды босату туралы келіссөздерді қайта бастады.

Фото: euronews.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу