Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлу қамауға алынды

Әлем
Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлу қамауға алынды

Ыстамбұл соты қаланың мэрі Экрем Имамоғлуды қамауға алды. Бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.  

Ыстамбұл прокуратурасы оған бірнеше бап бойынша айып тақты, соның ішінде қылмыстық ұйымды басқару, оған қатысу, парақорлық және алаяқтық айыптары бар. Мэр бұл айыптарды жоққа шығарады.

Имамоглудың ұсталуы оппозиция оны 2028 жылға жоспарланған президент сайлауына кандидат ретінде ұсынудан бірнеше күн бұрын болған.

Айта кетейік, 19 наурызда оппозициялық мэрдің қамауға алынуы наразылықтар мен лираның құнсыздануына әкелді. Тыйымдарға қарамастан, жұма кешінде ірі қалаларда демонстрациялар өтті. Ел бойынша 300-ден астам наразылық білдіруші ұсталғаны хабарланды.

Фото: report.az  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу