Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Юлия Путинцева WTA көгалдағы турнирінің финалына шықты

Спорт
Юлия Путинцева WTA көгалдағы турнирінің финалына шықты

Әлемнің 41-ші ракеткасы Юлия Путинцева Бирмингемде (Ұлыбритания) өтіп жатқан WTA 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан теннис федерациясының мәлімдеуінше, жартылай финалдағы кездесуінде ол әлемнің 44-ші ракеткасы итальян Элизабетта Коккиареттодан 6:2, 6:2 есебімен басым түсті.

Бірінші орын үшін матчта Юлия ресейлік, әлемнің 69-шы ракеткасы Анастасия Потапова мен әлемдік рейтингте 190-шы орында тұрған австралиялық Айла Томлянович арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Фото: ҚТФ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу