freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жәбірленуші мәртебесі: Сот Ұлдана Мырзуанның күйеуінің өтінішін қанағаттандырмады

Құқық
Жәбірленуші мәртебесі: Сот Ұлдана Мырзуанның күйеуінің өтінішін қанағаттандырмады
kazinform

Сот қызмет барысында қаза тапқан 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша күйеуі Әділет Зейнелдің өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. Бұл туралы  Malim.kz kazinform.kz-ке сілтеп хабарлайды. Ол жәбірленуші мәртебесінен бас тартып, бұл құқықты қаза болған әйелінің анасына бергісі келген.

Марқұмның анасы Сәлима Омарова бұған дейін күйеу баласының жәбірленуші болуға «моральдік құқығы жоқ» екенін айтқан болатын. Осыдан кейін Ә.Зейнелдің адвокаты оның іске қатысуын тоқтатуды сұраған.
Алайда судья Меруерт Абаева процеске қатысушылардың пікірін тыңдай келе, қазіргі кезеңде өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарды.
Судьяның түсіндіруінше, негізгі сот талқылауы барысында жауап алынғаннан кейін ғана осындай өтінішпен қайта жүгінуге мүмкіндік бар.

Еске салайық, 2025 жылғы 8 қарашада елордадағы тұрғын үйлердің бірінде қасбеттің қаптамасы мен кондиционер құлап, 5 адам зардап шеккен еді. Өкінішке қарай, ауыр жарақат алған фельдшер Ұлдана Мырзуан 18 қараша күні көз жұмды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу