Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жамбыл облысында әкімдік 335 млн теңгені заңсыз жұмсамақ болған

Қоғам
Жамбыл облысында әкімдік 335 млн теңгені заңсыз жұмсамақ болған

Жамбыл облысы Байзақ ауданының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімдерінің қызметінде бірнеше заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Заңнама талаптарын бұза отырып, сәуірде аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі мердігермен «бір көзден» 125 млн теңгеге келісімшарт жасаған.

Басқа жағдайда, сатып алуды өткізу кезінде кәсіпкерлердің қатысуын шектейтін және қиындататын, сондай-ақ мүгедектігі бар қоғамдық бірлестіктердің құқығына нұқсан жасайтын талаптар негізсіз белгіленген.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша барлығы 335 млн теңгеден астам сатып алу тоқтатылып, кінәлілер жауапқа тартылды.

Қабылданған шаралар кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті қалпына келтіруге бағытталды.

Фото: atr.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу