Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жамбыл облысында биылдыққа 79 мың га жер мемлекетке қайтарылған

Құқық
Жамбыл облысында биылдыққа 79 мың га жер мемлекетке қайтарылған

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті 2024 жылға Жамбыл облысы бойынша ауданы 80 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрлік мәліметінше, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде облыста ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден 79 мың гектардан астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылған.

Жер қатынастары саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және жерді пайдалану мен қорғауды бақылау мақсатында Жамбыл облысының Жер ресурстарын басқару департаменті тұрақты негізде жоспардан тыс тексерулер жүргізеді, соның нәтижесінде жер учаскесін өз бетінше иеленгені үшін 4 жер пайдаланушыларға нұсқама беріліп, айыппұл салынды, деп жазылған ресми хабарламада.

Сондай-ақ, жер телімін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде шаралар қабылдау үшін бір жыл мерзімге 50 нұсқама, жерді мақсатсыз пайдаланғаны үшін 3 жер пайдаланушыға 3 ай мерзімге нұсқама берілген.

Одан бөлек, жер заңнамасын бұзғаны үшін 7 мемлекеттік мекеме 1 ай мерзімге нұсқама алған.

Фото: Фото: wiktionary.org

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу