Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жамбыл облысында есірткі тасымалдады деген айыппен екі күдікті ұсталды

Оқиға
Жамбыл облысында есірткі тасымалдады деген айыппен екі күдікті ұсталды
Polisia.kz

Шу қаласының полицейлері 50 келіден астам марихуана тасымалдаған тұрғындарды ұстады, деп хабарлайды Malim.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті, Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Ұлттық ұланның № 6506 «Бүркіт» әскери бөлімінің әскери қызметшілері бірлесіп жүргізген іс-шара барысында 50 келіден астам есірткі затын тасымалданған автокөлік тоқтатылды, — делінген ақпаратта.

Арнайы операция Шу қаласындағы Сәтбаев көшесінде жүргізілді. Полицейлер Mazda автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде артқы орындығынан үш қап, ал жүксалғышынан тағы екі қап табылды. Қаптардың ішінде өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат болған. 

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат — кептірілген марихуана есірткісі екені анықталды. Жалпы салмағы 51 келі. 

Ұстау шарасы облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізілді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу