freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жаңа ереже: демінен 0,3 промилле алкоголь шыққан адам мас болып саналады

Қоғам
Жаңа ереже: демінен 0,3 промилле алкоголь шыққан адам мас болып саналады
pixabay.com

Қазақстанда медициналық қорытындылардың дәлдігін арттыру мақсатында адамдардың мас күйін тексеру тәртібін жаңарту жоспарланып отыр. Тиісті бұйрық жобасын Денсаулық сақтау министрлігі «Ашық НҚА» порталында жариялаған, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеп. 

Ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес, әрбір жағдай бойынша медициналық куәландыру бір рет әрі кешенді түрде өтеді: дәрігерлер адамды медициналық тексеруден өткізіп, зертханалық зерттеулер және биологиялық материалды да алуы керек.

Кәмелетке толмағандарды тексеру кезінде рәсімге олардың заңды өкілдері қатысады.

«Адамның демінен алкогольдің шегі 0,3 промилле деңгейінен асып кетсе, мас деп саналады. Бұл көрсеткіш адам ағзасының физиологиялық ерекшеліктері мен құралдардың дәлдігін ескере отырып анықталған», - деп түсіндірген. Денсаулық сақтау министрлігі. 

Құжатта жазылғандай, мас күйі туралы түпкілікті қорытындыны дәрігерлер клиникалық белгілерді – психикалық, мінез-құлықтық, вегетативтік және соматоневрологиялық көрсеткіштерді, сондай-ақ қажет болған жағдайда зертханалық зерттеулер нәтижелерін кешенді бағалау негізінде шығарады.

Құжаттың жобасы 27 наурызға дейін талқыланады. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу