Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жәнібек Әлімханұлы допинг сынамасын тапсырды

Спорт
Жәнібек Әлімханұлы допинг сынамасын тапсырды
No Limit Boxing

Қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO, IBF және WBA белбеулері үшін біріккен титулдық жекпе-жек алдында допинг сынамасын тапсырды, деп хабарлайды Malim.kz.   

Бұл жөнінде Qazaq Style лақап атымен танымал боксшы Instagram-да жазба жариялады. Әлімханұлының жеке парақшасындағы Stories жүйесінде қан сараптамасының суреті бейнеленген. 

– Мен қашанда таза спортты қолаймын. Спортшының допингті қолдануына қарсымын. Біз VADA-ға тест тапсырдық, кеше нәтижесі келді – барлығы таза, - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Отандасымыз бүгінге дейін WBO, IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағына ие болған. Енді Жәнібек 6 желтоқсанда WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 42 жастағы Эрисланди Ларамен қолғап түйістіреді. 

Бұл жекпе-жек АҚШ-тың Техас штатында орналасқан Сан-Антонио қаласында өтеді. Аталған бокс кешінде Ламонт Роуч пен Исаак «Питбуль» Крус та өзара кім мықтыны анықтайды.

Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылы 1 сәуірде дүниеге келген. Әуесқой бокста 2013 жылы әлем чемпионы атағынып, сол жылы Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.

2015 жылдан бері кәсіпқой бокста 17 жекпе-жек өткізіп, соның барлығында жеңіске жеткен. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу