freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жәнібек Әлімханұлы сенсация жасап, әлемдік рейтингте ТОП-5-ке енді

Спорт
Жәнібек Әлімханұлы сенсация жасап, әлемдік рейтингте ТОП-5-ке енді
Фото: Instagram @janibek_alimkhanuly

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Boxing Metrics нұсқасы бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан жасалатын pound-for-pound (P4P) рейтингінде әлемнің үздік бес боксшысының қатарына кірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жаңартылған тізімде қазақстандық спортшы бесінші орынға жайғасып, әлемдік бокстың элитасы қатарындағы орнын нығайтты. Бұл рейтингте ол Дмитрий Бивол мен Сауль «Канело» Альварес секілді танымал былғары қолғап шеберлерінен жоғары тұр.

Айта кетейік, соңғы уақытта Жәнібек Әлімханұлының есімі допинг дауына байланысты жиі аталды. Мельдонийге тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткеннен кейін, ол 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін жекпе-жектерден шеттетілді. Осыған байланысты IBF ұйымы оны чемпиондық белбеуден айырып, өз рейтингінен алып тастады. Ал WBO нұсқасы бойынша чемпиондық атағы әзірге қазақстандық боксшыда сақталып отыр.

Жәнібек соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 5 сәуірінде өткізді. Сол кездесуде ол франциялық Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғаған еді.

Boxing Metrics нұсқасы бойынша P4P рейтингі:

  1. Наоя Иноуэ (32-0) – 0.990
  2. Александр Усик (24-0) – 0.952
  3. Теренс Кроуфорд (42-0) – 0.940
  4. Шакур Стивенсон (25-0) – 0.936
  5. Жәнібек Әлімханұлы (17-0) 0.929
  6. Дмитрий Бивол (24-1) – 0.927
  7. Джай Опетая (30-0) – 0.924
  8. Сауль «Канело» Альварес (63-3-2) – 0.924
  9. Джесси Родригес (23-0) – 0.897
  10. Давид Бенавидес (31-0) – 0.889.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу