Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Заңнан мүдделі топтардың иісі мүңкіп тұр - заңгер Нұрсұлтан Орынбек

Видео
Заңнан мүдделі топтардың иісі мүңкіп тұр - заңгер Нұрсұлтан Орынбек
ФОТО: ©malim.kz

Заңгер Нұрсұлтан Орынбек кейінгі жылдары қабылданған кейбір заң жобалары белгілі бір топтардың мүддесін қорғайды деп санайды. Оның айтуынша, қылмыстық кодбап енген. Яғни, тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу дерегі. Ол көбінесе отбасылық жанжал кезінде болады екен. 


Міне, мысалы мен сіздің қолыңызды алдым да қыстым делік. Соның ізі қалды. Ол 20 күнге дейін кетіп қалатын із. Егер көгергені 20 күннен асса, ол жеңіл жарақат болып есептелер еді. Ал, бұл жерде жеңіл жарақат та емес, зиян да тимеді. Бірақ арыз жазсаңыз сараптама тағайындалады. Оның қорытындысында ұрып-соғу салдары деп көрсетіледі. Мемлекет сол бір сараптамаға 10 мың теңге төлейді. Біздің қоғамда ондай-ондай болып тұрады. Енді қараңыз, жылына он мыңдаған арыздар түседі. Демек, мемлекеттің миллиардтаған қаражаты белгілі ұйымның «қалтасына» кетеді –

дейді заңгер.


Сондай-ақ заңгер қоғамдық резонанс негізінде қабылданған заңдар сұранысқа жауап бергенімен, кемшілігі көп болады деп санайды. Мысалы, "Салтанат заңы" бар. Ол, әрине қоғамның қажеттілігінен туындады. Бірақ сол отбасы туралы заңға қатысты сұрақ аз емес. 

- Ата-ананың құқықтарына қатысты тұстары сұрақ туындатады. Өміршең деп айту қиын. Және кейбір заңдардарды қатаңдатып, қылмыстыққа ауыстырып жібердік. Мысалы, бұрын әкімшілік жаза болатын болса, адамның бетінен шапалақпен ұратын болсаңыз қылмыстық жазаға тартыласыз –

деді Нұрсұлтан Орынбек

Бұларға қоса, құқық қорғаушы көшірілген заң жобалары да жетерлік екенін айтты. Мәселен, француздардың конституциясы негізге алынып жазылған заңдар бар екен. Бірақ толықтай көшірілді деп айта алмайды. Өйткені Қазақстандағы саяси жағдай мен халықтың ішкі құндылықтары бөлек. Дегенмен ұқсас тұстары көп. 

Сауатты, заң мен тәртіпке негізделген құқықтық мемлекетте өмір сүреміз дейтін болсақ, бұл – жабайылық негізі. Ол салт-дәстүр деген, иә, бұрын алып қашу болмаған, екі ғашық бірге қашып кеткен ғой енді. Ал, оны еркінен тыс алып, табалдырығына жатып, манипуляция жасау дұрыс емес. Ол буыны қатпаған жастар ғой енді мұндай әрекет жасайтын. Енді қазір заң заманның талабына сай, адамның құқықтарын қорғауға бағытталған Орталық Азиядағы үлкен біз жасаған қадам болып отыр. Өйткені басқа мемлекеттерде арнайы бап берілгенін естіген жоқпын. 
Заңгер мемлекет пен ұлт мүддесін аңғартатын құжаттарды қабылдарда жан-жаққа жалтақтаудың қажеті жоқ дейді. Айтуынша, қазақ тілі жеке дара мемлекеттік тіл деп жазылуға тиіс. Яғни, мемлекеттік тілдің мәртебесі бәрінен биік тұруы керек.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу