freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалған шенеунік депутаттық мандатын табыстады

Қоғам
Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалған шенеунік депутаттық мандатын табыстады
Ашық дереккөзден

Мұрат Ергешбаевтің Мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл шешім бүгін Мәжіліс отырысында қабылданды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындалуына байланысты депутаттық мандатын табыстады. 

Бүгін Мәжіліс отырысында палата спикері Ерлан Қошанов әріптесіне алғыс білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

«Біз алғашқы күннен бастап бірге жұмыс істедік. Барлық депутаттардың атынан Мәжілістегі белсенді еңбегі үшін алғыс айтамын. Өткен аптада ол Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл - үлкен жауапкершілік. Жаңа қызметіне табыс тілейміз», - деді Мәжіліс төрағасы.

Еске салсақ, 8 мамыр күні Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының жаңа әкімі болып тағайындалған болатын. Тиісті жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу