freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ер адам неге үйленбей жүргенін сұрай берген көршісін ұрып өлтірді (ФОТО)

Әлем
Ер адам неге үйленбей жүргенін сұрай берген көршісін ұрып өлтірді (ФОТО)
ашық дереккөзден

Индонезияның Суматра аралында 45 жастағы Сирегар Парлиндунган 60 жастағы көршісі, зейнеткер шенеунік Ирианто Асгимге шабуыл жасап, өлімші етіп сабаған, деп Malim.kz тілшісі Straits Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 2024 жылдың 29 шілдесінде кешкі сағат 20:00 шамасында болған. Мәлімет бойынша, Сирегар Парлиндунган қолына бөрене ұстап, көршісінің үйіне барған. Ол ешқандай түсініктеме бермей, Ириантоға тап берген.

Ирианто үйден қашып шыққанымен, күдікті оның соңынан қуып жетіп, басынан бірнеше рет ұрған. Соққыдан ер адам есінен танып қалған. Куәгерлер жанжалды тоқтатып, зардап шегушіні ауруханаға жеткізбек болған. Алайда ол жолда қайтыс болған.

Полиция күдіктіні шамамен бір сағаттан кейін ұстады. Тергеу кезінде ол көршісіне не үшін шабуыл жасағанын түсіндірген. Оның айтуынша, марқұм оның үйленбегенін жиі мазақ етіп, "қашан әйел аласың?" деп қайта-қайта сұрай берген.

Жергілікті басылымдардың жазуынша, екі көршінің арасында бұған дейін де дау болған. Екеуі де тауық асыраған, ал құстары кейде бір-бірінің ауласына өтіп кетіп, осы жағдай бірнеше рет жанжалға себеп болған.

Бұған дейін Жапонияда 21 жастағы студент қыз күтпеген жағдайға тап болып, ол қарым-қатынаста болған ер адамның өзінің биологиялық әкесі екенін араға ұзақ уақыт салып білгенін жазған едік. Сондай-ақ Бангладеште әке теміржол станциясында рельске құлап кеткен бір жасар ұлын құтқарып қалған еді. Сонымен қатар Қытайда 24 жастағы Ван Ранран есімді бойжеткен үш айдан астам уақыт комада жатып, үйлену тойына санаулы күн қалғанда есін жиған болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу