freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Полиция продюсерден зорлық көрдім деген азаматтың мәлімдемесін тексеріп жатыр

Құқық
Полиция продюсерден зорлық көрдім деген азаматтың мәлімдемесін тексеріп жатыр
видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде зорлық туралы мәлімдеме жасалған бейнежазба тарады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бейнежазба авторы Нұрғали Нұғманның айтуынша, ол бала кезінде продюсерден зорлық көрген. 

Алматы қаласының полиция департаменті бейнежазба бойынша материал белгіленген тәртіппен тіркелгенін хабарлады. Қазіргі уақытта процессуалдық тексеріс басталған.

- Жазбада көрсетілген барлық мән-жайларды, сондай-ақ оқиғаға қатысы болуы мүмкін тұлғалар мен куәгерлерді анықтауға бағытталған кешенді шаралар жүргізіліп жатыр. Балаларға қатысты ықтимал зорлық-зомбылық деректері бойынша мұндай өтініштер міндетті түрде құқықтық бағалауға жатады және ерекше бақылауда болады, - деп хабарлады департаменттен.

Полиция аталған дерек расталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.



 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу