freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жақсылық Омарға қатысты үкім: прокуратура қатаң жаза сұраған

Қоғам
Жақсылық Омарға қатысты үкім: прокуратура қатаң жаза сұраған
Фото: Instagram/zhaksylyk_omar

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы бұрынғы облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты шыққан сот үкіміне пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Жақсылық Омарға қатысты қылмыстық істі қараған болатын. Ол ірі көлемдегі алаяқтық және ірі мөлшерде пара алу бойынша айыпталған.

3 сәуірде сот үкімі жарияланып, Жақсылық Омар кінәлі деп танылды. Оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, мүлкі (Toyota Camry автокөлігі) тәркіленді. Сондай-ақ оған өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға тыйым салынды. Жазаны ол орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Прокуратураның мәліметінше, бұл іс сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстарға жатады және мемлекеттік қызметтің беделі мен қоғамның сеніміне нұқсан келтіреді. Айыптаушы тарап соттан заңда көзделген ең қатаң жазаны сұраған.

Сонымен қатар, прокуратура қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандарға рақымшылық пен мерзімінен бұрын шартты түрде босату нормалары қолданылмайтынын атап өтті.

Айта кетейік, сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу