Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Жас әдебиеттің көкжиегі»: Жазушылар одағының әдеби-мәдени кездесу өтті

Қоғам
«Жас әдебиеттің көкжиегі»: Жазушылар одағының әдеби-мәдени кездесу өтті
Фото: Өркен Жоямерген

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағының жыл қорытындысына арналған әдеби-мәдени кездесу өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Шара барысында Қазақстан Жазушылар одағының 2025 жылы атқарған жұмысы қорытындыланып, отандық әдебиеттің даму бағыттары мен алдағы жоспарлары сөз болды. 

Шараға еліміздің белгілі ақын-жазушылары, әдебиеттанушылар, зиялы қауым өкілдері, жас авторлар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кездесу еліміздегі әдеби үдерістің қазіргі ахуалын саралап, жаңа шығармашылық бастамаларды кеңінен таныстыруды мақсат етті. Жиын аясында:

- «Түркі әлемінің әдебиеті» жобасы бойынша жарық көрген 4 жаңа кітаптың;

- «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шыққан Қадыр Мырза Әлі мен Тұманбай Молдағалиевтің кітаптарының;

- Сондай-ақ «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасы аясында жарық көрген жас қаламгерлердің 20 жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Бұл басылымдар – қазіргі қазақ әдебиетінің мазмұндық және жанрлық тұрғыдан жаңарып, түркі дүниесімен рухани байланысын нығайтып келе жатқанын айқындайтын маңызды еңбектер.

Еліміздің әдеби өмірі үшін айтулы шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесе ұйымдастырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу