Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Жастардың өмірін құртты": Прокурор Хасан Қасымбаевты 15 жылға соттауды сұрады

Құқық
"Жастардың өмірін құртты": Прокурор Хасан Қасымбаевты 15 жылға соттауды сұрады
видеодан скриншот

Талғарда “Хутор” бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтті. Сотталушы соңғы сөзін айтып, өзіне тағылған айыптауларды толығымен жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz сайтына сілтеме жасап Malim.kz  хабарлайды.

Хасан Қасымбаевтың айтуынша, өзіне қатысты қозғалған іс қолдан жасалған, ал жәбірленушілердің айғақтары жалған. 

“Тергеу барысында Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормалары өрескел бұзылды, ал сотта оған қарсы бірде-бір нақты дәлел ұсынылмады. Менің кінәмді дәлелдейтін ешқандай айғақ жоқ. Істе тек жалған жәбірленушілердің сөзі ғана бар”, – деді айыпталушы.

Оның сөзінше, тек қоғамды тыныштандыру үшін ғана өзін айыпты етіп қойған. Ол прокуратура мен құқық қорғау органдарын заңбұзушылықтарға көз жұма қарайды деп айыптады.

“Бұл – әділдікке, заңға және адамгершілікке қайшы. Егер мұндай жағдай жалғаса берсе, билікке өзгерістер керек”, – деді ол.

Айыпталушы Хасан Қасымбаев өзіне қарсы куәлік берген Әлимовті “нашақор және арандатушы” деп атап, оны жалған куәлік бергені үшін жауапкершілікке тартуды талап етті.

“Бұл адам Талғардың жартысын улап, көптеген жастардың өмірін құртты. Ол ант беріп тұрып, саналы түрде жалған сөйледі”, – деді Қасымбаев.

Сондай-ақ ол өз сөзінде іс материалдарында “Хутор бандасы” деген ұйымның өзі жоқ екенін, мұны Ішкі істер министрілігінің басшылығы да растағанын еске салды.

Қасымбаевтың айтуынша, ол бір жылдан астам уақыттан бері СИЗО-да қамауда отыр және өзінің қамауда ұсталуын заңсыз деп санайды. Оның сөзінше, осы уақыт ішінде оның отбасы мен кәмелетке толмаған балалары қатты зардап шеккен.

“Егер мен кінәлі болсам, өз ісім үшін жауап берер едім. Бірақ мен кінәсізбін, алайда бір жылдан астам уақыттан бері СИЗО-да отырмын”, – деді ол.

Сөзінің соңында Қасымбаев соттан ақтау үкімін шығаруды сұрап, әділ шешімге үміт артатынын айтты.

“Маған айыптау үкімін шығарып, тағдырымды талқандамаңыздаршы. Мен Құдай мен заң алдында тазамын. Біз бәріміз бұл дүниеде уақытша қонақпыз. Ең бастысы – әділдік пен шындық”, – деп аяқтады ол өз сөзін.

Мемлекеттік айыптаушы Хасан Қасымбаевты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Бұған дейін Хасан Қасымбаевтың жақындары сот әділ шешім шығармаса, өзін өртеп жіберетіндерін айтып, қорқытқан еді. 

Еске салсақ, 20 тамызда Талғар аудандық сотында төрт жыл бұрын спортшыны ұрлап, соққыға жықты деп айыпталып отырған Хасан Қасымбаевтың қылмыстық ісін қарау басталды. Хасан Қасымбаевтың есімі 2024 жылғы 4 қазанға қараған түні Талғардағы "Қамажай" дүкенінің жанында болған даулы оқиғадан кейін жиі атала бастады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу