Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жазушылар одағының астаналық филиалына жаңа басшы тағайындалды

Әдебиет
Жазушылар одағының астаналық филиалына жаңа басшы тағайындалды

Белгілі ақын Бауыржан Бабажанұлы Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының төрағасы қызметіне тағайындалды,- деп хабарлайды Malim.kz. 

 Жаңа басшыны елордалық қаламгерлерге Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов таныстырды.  

 

2019 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының директоры қызметін ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы басқарды.  

Одақ төрағасы осы жиында астаналық жазушылар Мәди Айымбетов, Асқар Алтай және Әділбек Ыбырайымды "Қазақстанның құрметті жазушысы" медалімен марапаттады.

Айта кетейік, бүгінде Жазушылар одағының 1030 мүшесі бар. Оның 180-нен астамы Астанада тұрады.  

Фото: Ашық дереккөз 

 


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу