freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

“Зейнетақыдан 20 пайыз ұстап қалады“ - Еңбек министрлігі мәлімдеме жасады

Қоғам
“Зейнетақыдан 20 пайыз ұстап қалады“ - Еңбек министрлігі мәлімдеме жасады
Deposit photos

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілер мен бейнехостингтерде таралып жатқан зейнетақы төлемдерінен 20 пайыз ұстап қалу енгізілді деген ақпаратты түсіндірді. Ведомство өкілдері бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Белгісіз тұлғалар deepfake технологияларын пайдалана отырып, ынтымақты зейнетақы төлемдері 20 пайыз қысқартылады деген жалған мәліметі бар бейнероликтер таратып жатыр. 

Бұл ретте, министрлік 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері Ұлттық банк айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10 пайыз арттырылғанын еске салды.

"Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде жыл сайын кезең-кезеңімен ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ал ең жоғары мөлшері 120 пайызына дейін ұлғайтылып келеді", - делінген хабарламада. 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңге (күнкөріс деңгейінің 70 пайызы), ал ең жоғары мөлшері күнкөріс деңгейінің 110 пайызынан 118 пайызына дейін ұлғайтылып, 60 005 теңге болды. 

Осыған байланысты, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырып, қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделгенін еске салды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу