freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жеке сот орындаушыларына борышкерлер қаражаты есебінен жасырын табыс табуға шектеу қойылмақ

Қоғам
Жеке сот орындаушыларына борышкерлер қаражаты есебінен жасырын табыс табуға шектеу қойылмақ
Фото: pexels.com

ҚР Парламенті Мәжілісінде депутатНиколай Арсютин жеке сот орындаушыларының қаражатты уақытында аудармай, оны жеке мақсатта пайдаланған деректері бар екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның сөзінше, кей жағдайда өндірілген қаражат жеке депозиттерге орналастырылып, тіпті алимент төлемдеріне арналған ақша да мақсатсыз жұмсалған.

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков бұл мәселе кешенді түрде қаралғанын жеткізді. Енді «Әділет» мобильді қосымшасы арқылы қаражаттың қозғалысы толық бақылауда болады: ақша түскен сәтте бірден push-хабарлама жіберіледі, ал ол белгіленген мерзімде өндіріп алушыға аударылуы тиіс. Сонымен қатар, банктермен және «Қазпошта» жүйесімен интеграция жасалып, қаражат қозғалысы екі тарапқа да ашық көрінеді. Бұл ЖСО-ның ақшаны ұстап қалуына немесе өз бетінше пайдалануына жол бермейді.

Депутат Дмитрий Колода қолданыстағы заңда қаражатты аудару мерзімдері нақты көрсетілмегенін атап өтті. Оның айтуынша, осы олқылық кейбір орындаушыларға қаражатты ұзақ уақыт депозитте ұстауға мүмкіндік берген.

Осыған байланысты депутаттар аудару мерзімдерін реттеу құзыретін Әділет министрлігіне беруді ұсынып отыр. Нақты мерзімдер әртүрлі өндіріп алу санаттарына байланысты заңға тәуелді актілер арқылы белгіленбек.

Айта кетейік, аталған өзгерістер «Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру» туралы заң жобасы аясында қаралып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу