Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Желтоқсанда тұрғын үй саудасы 27%-ға өскен

Экономика
Желтоқсанда тұрғын үй саудасы 27%-ға өскен

2024 жылғы желтоқсан айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 50 046 мәміле тіркелген, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның ішінде жеке үйлер бойынша – 10 488, пәтерлер бойынша 39 558.

2024 жылдың қарашасымен салыстырғанда (39 421) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 27%-ға өскен.

Мәмілелер саны бойынша Астана (9 911 – 19,8%) және Алматы (8 845 – 17,7%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (3 638 – 7,3%) көш бастап тұр.

Бір жылда (2024 жылғы желтоқсан 2023 жылғы желтоқсанға) пәтерлерді қайта сату бағалары – 4,2%, жаңа тұрғын үйлерді сату 3% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылы 7,9% жоғарылаған.

Фото: Жансерік Күзембай/Malim.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу