Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Желтоқсанда Ұлттық қордан 900 млн доллар сатылған

Экономика
Желтоқсанда Ұлттық қордан 900 млн доллар сатылған

Желтоқсан қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 доллар үшін 525,10 теңгеге дейін 2,5%-ға әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 262 млн-нан 254 млн долларға дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 5,3 млрд долларды құрады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық банк мәліметінше, Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін желтоқсанда 900 млн долларға валюта сатылған. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 17%-ын немесе күніне шамамен 43 млн доллар құрады.

Республикалық бюджетке трансферт бөлуге Үкіметтің алдын ала болжамды өтініштері бойынша 2025 жылғы қаңтарда Ұлттық Банк Ұлттық қордан 750 млн-нан 850 млн долларға дейінгі мөлшерде валюта сатылады деп күтеді.

БЖЗҚ-да валюталық активтер үлесі 2024 жылдың соңында 40%-дан сәл жоғары болды. Ұлттық Банк желтоқсанда зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне АҚШ долларын сатып алған жоқ. 2025 жылғы қаңтарда БЖЗҚ-қа валюта сатып алу жоспарланбады, деп жазды Ұлттық банк.

Ішкі валюта нарығында шектеулі ұсыныс кезінде экономикалық агенттер тарапынан шетел валютасына жоғары сұраныс сақталған.

Тұрақсыздық тудыратын ауытқулардың алдын алып, теңге бағамының шамадан тыс құбылмалылығын реттеу мақсатында және белгілі бір кезеңдерде шетел валютасының ұсынысын қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банк желтоқсанда валюталық интервенция жүргізген. Айдың қорытындысы бойынша валюта сату көлемі 307,6 млн долларды құрады.

Фото: Жансерік Күзембай

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу