freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жемқорлық үшін сотталған экс-вице-министр Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты

Қоғам
Жемқорлық үшін сотталған экс-вице-министр Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты
Фото: gov.kz

Қазақстанның бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты. Бұл ақпаратты ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растад, деп хабарлайды Malim.kz Информбюроға сілтеме жасап.

Комитеттің мәліметінше, сотталған азамат жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде бас бостандығынан айыру түрінде өтеген. Кейін сот шешімімен оның өтелмеген жаза мерзімі жеңілірек жаза түріне – айыппұлға ауыстырылған.

«Соттың шешімі негізінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза – айыппұлмен алмастырылды», – деп хабарлады ҚАЖК баспасөз қызметі.

Сондай-ақ комитет жазаны ауыстыру, шартты түрде мерзімінен бұрын босату және үкімді орындауға қатысты өзге де мәселелерді қарау мен шешім қабылдау тек сот құзыретіне жататынын атап өтті.

Еске салайық, 2025 жылдың мамыр айында Астана соты бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапанов пен SUCCESS K агенттігінің директоры Ләззат Көккөзоваға қатысты үкім шығарған болатын. Олар 2018 жылы Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумын ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша кінәлі деп танылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу