Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жетім балаға арналған пәтерде бөгде адам тұрып келген

Қоғам
Жетім балаға арналған пәтерде бөгде адам тұрып келген

Ақмола облысының прокуратурасы жетім балалардың тұрғын үйге қатысты құқықтарының бұзылғаны туралы деректерді анықтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жетім балалардың баспана алуға бірінші кезектегі құқығы бар.

Бүгінгі таңда прокуратура актілері бойынша 42 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй құқықтары қалпына келтірілді.

Пәтерлерді қайтару, кезектен заңсыз алу, тұрғын үй алуға өтінімдерді қабылдау және т. б. мәселелер бойынша шаралар қабылданды.

Мысалы, облыс орталығында жетім бала өтінім беру кезінде ешқандай негізсіз кезекке қоюдан бас тартылды. Басқа жағдайда, аудан орталықтарының бірінде 2 жастағы жетім балаға арналған пәтерде бөгде адам тұрған. Қадағалау актісі бойынша жетім балалардың құқықтары қалпына келтірілді. Кінәлілер жазаланды, - деп мәлімдеді прокурорлар.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу