Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жетісайдағы автогаз құю бекетінде болған өрт бойынша үкім шықты

Қоғам •
Жетісайдағы автогаз құю бекетінде болған өрт бойынша үкім шықты

Жетісайдағы автогаз құю бекетінде болған өрт бойынша үкім шықты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Оқиға мән-жайы

Түркістан облысы Жетісай ауданының соты жанар-жағармай автогаз құю бекетінде өрт қауіпсіздік талаптарының ережелерін сақтамаған, нәтижесінде бекеттің оңтүстік шығысында тұрған екі адам өртеніп, қаза тапқан. 

Сот үкімі

Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы абайсызда 2 адамның өліміне әкелген сотталушылардың кінәлі екендерін дәлелдеді.

29 сәуірде сот өрт қауіпсіздік талаптарының ережелерін сақтамай, екі адамның өмірлерін алып кеткен қылмыс жасаған "JOL YRYSY" ЖШС-нің жүргізушісі және оның басқарушы директорына әрқайсысына 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазаларын тағайындады.

Келтірілген моральдық және материалдық шығын ішінара өтелді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: Pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу