Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жетісуда жантүршігерлік жол апатында 5 адам қаза болды

Оқиға
Жетісуда жантүршігерлік жол апатында 5 адам қаза болды
Фото: видеодан кадр

Жетісу облысында болған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасының куәгері атанған фельдшер жанып жатқан көліктен екі адамды шығарып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.

24 қаңтарда Ақсу ауданына қарасты Қапал ауылының маңында жол апаты болды. Toyota Avalon мен Toyota Camry автокөліктері соқтығысқан. Апат салдарынан бес адам қаза тауып, екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Белгілі болғандай, оқиға орнында сол сәтте жедел жәрдем фельдшері болып жұмыс істейтін 33 жастағы Ержан Абрахман кездейсоқ жүрген. Ол ауыр жол апатынан зардап шеккен ер адам мен әйелді құтқарып қалуға көмектескен.

Апат салдарынан төрт ер адам мен 8 жастағы қыз бала көз жұмды. Ал аман қалған екі жолаушының жағдайы әлі де ауыр.

«Екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккендерге жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы, соққылар, сүйек сынуы және жарақаттық шок диагнозы қойылды. Жас жігіттің денесінде термиялық күйік бар. Науқастардың жағдайы әзірге ауыр күйінде қалып отыр», – деп мәлімдеді Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Қазіргі уақытта полиция жол апатының мән-жайын анықтауды жалғастырып жатыр. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу