Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зорланған оқушы. Қылмыс құрамы жоқ деген себеппен іс жабылды

Құқық
Зорланған оқушы. Қылмыс құрамы жоқ деген себеппен іс жабылды
depositphotos.com

Ақтөбеде 17 жастағы ақыл есінің кемістігі бар кәмелетке толмаған қыз ұзақ жылдар бойы зорлықтың құрбаны болған. Алайда қыздың ішімдікке салынған анасы қатынас өзара келісіммен болғанын айтып, істі жапқызып, қызына түсік жасатқан. Бұл туралы Stan.kz сайтына сілтеме жасап Malim.kz  хабарлайды.  

"НеМолчи.kz" қорына Актөбе облысында кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық көргені туралы ақпарат түскен. Оқиға әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін әкімдік бұл жағдай Актөбе қаласындағы оқушыға қатысты екенін растады.

"Кәмелетке толмаған қыз қазіргі уақытта отбасы дәрігерінің бақылауында. Ол анасымен бірге тұрады. 2024 жылы медициналық көмекке жүгінгенде, анасының келісімімен әлеуметтік себептер бойынша жүктілігі тоқтатылды. Қызға контрацепция (ішкі жатыр құрылғысы) қамтамасыз етілген. Басқа медициналық ақпарат құпия болып табылады," – деп хабарлады әкімдіктен.

Қызға зорлық шамамен 14-15 жасынан бастап жасалған. Оның анасының ішімдікке салынғанын білген ер адамдар қызға бірнеше рет зорлық жасаған. Ол екі рет түсік тастаған. Бұдан соң оған тағы екі ота жасау керек болған.

Жағдайға қатысты Балалардың құқықтары бойынша өңірлік өкілі Айгүл Нүркеева да пікір білдірді.

"Мен учаскелік полицей, қамқоршылық органдары және кәмелетке толмағандар комиссиясының өкілдерімен бірге отбасына барып, тұрмыс жағдайымен таныстым. Анасы ата-аналық құқықтарынан айырылып, шектелмеген. Бұл жағдай менің бақылауымда," – деді Нүркеева.

Актөбе облыстық полиция департаменті хабарлағандай, аталған факт бойынша тексеру жүргізілген, бірақ қылмыстық іс қозғауға негіз жоқ.

"2024 жылы медициналық тексеру кезінде кәмелетке толмаған қыздың жүктілігі анықталды. Анасы медициналық диагнозға байланысты медициналық аборт жасауға шешім қабылдады," – деп хабарлады полиция.

Қыздың анасы құқық қорғау органдарына құқыққа қарсы әрекет туралы шағым беруден бас тартқан. Барлық мәліметтер зерттеліп, жағдайға қатысы бар адамдардан сұрау алынған. Жасөспірім мен жігіт өзара келісім бойынша қатынаста болған.

"12–13 жасында кәмелетке толмаған қызға сексуалды зорлық жасалған болуы мүмкін деген дәлелдер расталмады. Процестік шешім қабылдауға негіз жоқ," –  деп толықтырды полиция департаменті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу