Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Журналистерге шабуыл ұйымдастырғандар ұсталды

Сұқбат
Журналистерге шабуыл ұйымдастырғандар ұсталды

Өткен жылдың соңынан бері журналистерге жасалған шабуылдар көбейгені белгілі. Президент осыған орай құқық қорғау органдарына мұқият тергеу жүргізуді тапсырды. Соған байланысты таяуда журналистер мен блогерлерге қарсы заңсыз әрекеттер жасаған 18 адам ұсталған еді.

Ел Президенті бұл заңсыз әрекеттердің орындаушылары ғана емес, тапсырыс берушілері де анықталуға тиіс екенін баса айтқаны белгілі. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің айтуынша, енді тапсырыс берушілер де анықтала бастады.

ІІМ және ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырды деп күдік келтірілген топтың іс-әрекетін әшкерелеп, жолын кесті.

«Алматыда арандатушылық шабуылдардың тікелей үйлестірушісі – шетелдік азамат, білікті хакер О.Токарев ұсталды. Оның уақытша тұрып жатқан жерінен шабуылдарды басқару, анонимді телеграмм-аккаунттарда «тапсырыстар» беру, орындаушыларды табу және олардың акцияларына ақы төлеу жүргізілген техника табылып, тәркіленді», – делінген ІІМ ақпаратында.

Аталған топ В.Борейкоға, Г.Бажкеноваға, Г.Ерғалиеваға, С.Ибраеваға және бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да өкілдеріне қарсы 30-дан астам арандатушылық жасаған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Аталған арандатушымен бірге түпкі тапсырыс берушілер де жақын арада анықталады деп сенеміз. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тергеу барысын жіті назарда ұстайды»,- деді Д.Қыдырәлі. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу