Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жұрттың 100 млн теңгесін алдап әкеткен азамат Сербиядан экстрадицияланды

Құқық
Жұрттың 100 млн теңгесін алдап әкеткен азамат Сербиядан экстрадицияланды

Бас прокуратура мен ІІМ Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Сербиядағы Елшілігінің көмегімен аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын Сербия Республикасынан экстрадициялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, күдікті 2018 жылдан 2019 жылға дейінгі кезеңдегі аралықта «Kolesa.kz» сайтында арнайы техниканы сату туралы жалған хабарландыру жариялау арқылы, 4 азаматтың ақшасын ұрлап, оларға 205 000 доллар шығын келтірген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кетті, осыған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланды. 2023 жылы ол Сербия аумағында ұсталып, Қазақстанның Бас прокуратурасының өтініші бойынша елімізге экстрадицияланды, деп жазылған Бас прокуратура мәлімдемесінде.

Қазір күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалған. Айыпталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Фото: Жансерік Күзембай / Malim.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу