Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жұрттың тыныштығын бұзғандарға салынатын айыппұлдар белгілі болды

Қоғам
Жұрттың тыныштығын бұзғандарға салынатын айыппұлдар белгілі болды
iStockphoto.com

2026 жылы айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) мөлшері 4 325 теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш қазақстандықтардың тыныштығын бұзғаны үшін салынатын айыппұл көлеміне тікелей әсер етеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Қашан шулауға тыйым салынады?

- Жұмыс күндері  22:00-ден 09:00-ге дейін

-Демалыс және мереке күндері 23:00-ден 10:00-ге дейін

Тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершілік

-Алғаш рет — 5 АЕК, яғни 21 625 теңге

- Қайталанған жағдайда — 10 АЕК, яғни 43 250 теңге

- Бизнес субъектілері үшін жаза қатаңырақ, айыппұл мөлшері жоғары, тіпті қызметін уақытша тоқтатуы мүмкін.

Көршілер ұйқы бермесе не істеу керек

- шуды тіркеу (аудио немесе бейнежазба);

- 102 нөмірі арқылы полиция шақыру;

- учаскелік инспекторға жүгіну.

Егер шу жалдамалы пәтерден шықса

Жауапкершілік тек жалға алушыларға ғана емес, пәтер иелеріне де жүктеледі.

"Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында учаскелік инспекторлар жалдамалы пәтерлерді тексереді, ал меншік иелері туралы мәліметтер салық органдарына берілуі мүмкін.

Балалардың шулауына байланысты жауапкершілік

Заң кәмелетке толмағандарға қатысты ерекшелік қарастырмайды.

- түнгі айқай, жүгіріс, ойындар да тыныштықты бұзу болып есептеледі;

- алғашқы шағым кезінде полиция көбіне профилактикалық әңгімемен шектеледі;

- шағым қайталанса, айыппұл ата-анасына немесе заңды өкілдеріне салынады.

Сонымен қатар, мұндай жағдайларда Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 442-бабы қолданылуы мүмкін.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 442-бабы 

Бұл бап кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз болуына жауапкершілік қарастырады:

- 16 жасқа дейінгі балалардың көшеде жүруі;

- 18 жасқа дейінгі жасөспірімдердің ойын-сауық орындарында болуы.

Түнгі уақыт 23:00-ден 06:00-ге дейін.

Жауапкершілік ата-аналарға, заңды өкілдерге, сондай-ақ құқықбұзушылыққа жол берген мекеме иелеріне жүктеледі. Жаза түрлері ескерту немесе әкімшілік айыппұл, ал қайталанған жағдайда айыппұл қарастырылады.

Терезе түбінде салют ату

- рұқсат етілмеген жерлерде фейерверк атқаны үшін  20 АЕК, яғни 86 500 теңге, пиротехниканы тәркілеумен (ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы);

- егер салют түнгі уақытта атылып, тыныштықты бұзса 437-бап қолданылады, бұл 5 АЕК, 

Осылайша, 2026 жылы тыныштықты бұзған қазақстандықтарға он мыңдаған теңге айыппұл салынады, ал кәмелетке толмағандар қатысқан жағдайда ата-аналары қосымша жауапкершілікке тартылады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу