Жанболат Мамай полицейлерді сотқа бермек

Malim Админ

  • 18.01.2021

Сайлау күні бейбіт шеруге шығып, полиция қоршауында қалған Oyan, Qazaqstan қозғалысының мүшелері мен Демпартия бастамашыл тобы Алматы полиция департаментін сотқа бермек. Бұл туралы белсенділер бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Демпартия бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат Мамай 10 қаңтар күні полицияның белсенділерді қоршауға алуын азаптау деп атады.

"Бізді не үшін ұстағанын түсіндірмеді, хаттама толтырмады. Бірнеше сағат бойы арнайы дайындап қойған титушкаларды жіберді, белгілі азаматтарды титушка ретінде қолданды. Тоғыз сағат бойы қоршаудан шығармады, қоршауға ешкімді кіргізбеді", - деді Жанболат Мамай.

Жанболат Мамай полиция департаментін сотқа беріп, қылмыстық іс қозғауды талап ететінін мәлімдеді. "Қазақстанда полиция үстінен іс қозғалмайтынын білеміз. Сол себепті барлық инстанцияны айналып өткен соң БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне шағымданамыз"., - деді ол.

Oyan, Qazaqstan қозғалысының мүшесі, журналист  Әсем Жәпишева 10 қаңтар күні бейбіт шеруге шығу, еркін жүріп тұру құқығы бұзылғанын жеткізді.

"Полицияның әрекеті моральдық қысым, азаптауға жатады. Егер біз қандай да бір заңды бұзсақ, полиция бөлімшесіне жеткізу керек еді. Бізге көмектеспек болған құқық қорғаушыларды да жібермей қойды",- деді Ә.Жапишева.

"Тоғыз сағат бойы ас, су ішуге мүмкіндік бермеді. Тіпті дәретханаға жібермеді. Полиция құрсауында тұрып дәрет сындыруға тура келді", - деді Oyan, Qazaqstan қозғалысының белсенді Дархан Шәріп.

Баспасөз мәслихатына Skype арқылы қатысқан Евгений Жовтис әлемдік тәжірибеде кеттлинг - полицейлерді қоршауға алу әдісі тек зорлық-зомбылықты тыю үшін қолданылатынын түсіндірді. "Мұндай әдісті бейбіт шеруге, тіпті заңсыз шеруге шыққан азаматтарға қолдану халықаралық стандарттарға қайшы", - дейді Е.Жовтис. Е.Жовтис белсенділерді заңсыз ұстаған полицейлер қызмет бабын асыра пайдаланды дейді.

Байланысты жаналықтар

"Балық vs қармақ": Сенатор Бектаевтың масылдықпен күресі

23.06.2021

Т. Рысқұлбеков: Мамай, төбелес керек болса, төбелесейік!

06.06.2020

Ертісбаевтың сұхбаты. Тоқаев, Әблязов және Мамай жайлы

04.06.2020

"Тоқаев жастар саясатқа аралассын деді де, бізді ұстады"

05.06.2020

Алматыда қоғам белсенділері ұсталып жатыр

01.03.2020

Жоқ оппозицияны парламентке қайдан таппақ?

06.05.2020
MalimBlocks
"Балық vs қармақ": Сенатор Бектаевтың масылдықпен күресі

Т. Рысқұлбеков: Мамай, төбелес керек болса, төбелесейік!

Ертісбаевтың сұхбаты. Тоқаев, Әблязов және Мамай жайлы

"Тоқаев жастар саясатқа аралассын деді де, бізді ұстады"

Алматыда қоғам белсенділері ұсталып жатыр

Жоқ оппозицияны парламентке қайдан таппақ?