Тоқаевты қолдайтын Азамат Әміртайдың партиясы тіркелді

Қазақстанға  + 1 саяси партия. Атауы - «Байтақ». Ұраны  -- экология. Жалауы жасыл. Бұл өзі Қазақстанда оншақты жылдан бері дүниеге зорға келген партия. Көсемі Азамат Әміртай.

Орал Кайрат

  • 30.11.2022

Азамат Әміртай президент Қ.Тоқаев ашқан ұлттық құрылтайдың мүшесі. Үкіметке қарасты «ҚазАгро» ұлттық холдингінің директорлар кеңесінің де мүшесі болғаны бар.  Қ.Тоқаевты қолдайтынын жасырмайды. Сондай-ақ, Азамат Әміртай мен оның партиясына Н.Назарбаевты керек кезінде қатты мақтаған ақын Олжас Сүлейменов батасын беріп жүретін.

Жалпы, елде саяси партиясын тіркете алмай жүргендер баршылық. Әділет министрлігінің дерегінше, олардың саны жиырмаға жуық. Олардың ішінде Жанболат Мамайдың және Жасарал Қанышәлиннің тіркей алмай жүрген партиялары да бар.

Жалпы, саяси партияны тіркеуге қойылатын шарттар жеңілдетіледі деп былтыр айтылғанымен, оған қатысты заң жобасы парламенттің қарауынан әлі шыққан жоқ.  Елімізде бұған дейін тіркеуден өткен бес партия бар. Билікшіл «Аманаттан» басқасы («Ақжол», «Ауыл», «Қазақстанның халық партиясы» және ЖСДП) өздерін оппозицияшыл деп таныстырғанымен жұрттың көбі оларды «Аманаттың» филиалы деп біледі.

(фото Азамат Әміртайдың парақшасынан алынды)

Байланысты жаналықтар

Ардақ Нұрғазыұлы. Омарғазы мен Олжас

11.12.2024

Әмірхан Балқыбек. Гете немісті жек көрген бе?

05.12.2024

М. Әбжан 9 жылға сотталды, Ж. Мамай 10 жылға сотталады...

03.02.2023

Бұл сайлауда қандастар ғана жеңіске жетеді!

30.01.2023

Мамайдың айыбы жеңілдеді

27.10.2022

Жанболат Мамай он жылға сотталуы мүмкін

08.06.2022
MalimBlocks
Ардақ Нұрғазыұлы. Омарғазы мен Олжас

Ардақ Нұрғазыұлының таңдаулы мақалалары

Әмірхан Балқыбек. Гете немісті жек көрген бе?

Марқұм Әмірхан Балқыбектің (1969-2014) бұл мақаласы кезінде "Дала мен Қала" газетінде жарық көріп еді. Олжас Сүлейменовке қарсы сөз қозғайтын топ туралы толғанып, бүгінгі қазақ неге Олжасты жек көреді деген сауалға жауап берген. Біз ақынның сол мақаласын ұсынып отырмыз.

М. Әбжан 9 жылға сотталды, Ж. Мамай 10 жылға сотталады...

Саяси реформаларға шақыру, әрине, қылмыс емес. Бірақ 10 жылға бас бостандығынан айыру – қылмыс

Бұл сайлауда қандастар ғана жеңіске жетеді!

Сонымен сайлауға үміткерді тіркеу басталып кетті! Ал мен күткен қандастар үнсіз («Республика» партиясының жетекшісінің бірі Сырымбет Тауды есепке алмаймын).

Мамайдың айыбы жеңілдеді

"Демпартияны" тіркей алмай жүрген Жанболат Мамай ақпан айынан бері қамауда жатыр.

Жанболат Мамай он жылға сотталуы мүмкін