Евгений Жовтис Адам құқықтары бюросы басшылығынан кетті

Оның орнына жаңа басшы сайланды

Мәди Саматұлы

  • 29.09.2024

27 қыркүйекте «Адам құқықтары мен заңдылықтың сақталуы жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро» (Бюро) РҚБ мүшелерінің жалпы жиналысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі – екі жыл сайын өтетін Бюро директорын сайлау болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бюро мәліметінше, оның қазіргі басшысы және негізін қалаушылардың бірі Евгений Жовтис Бюро басшылығына жастардың келуі қажет екенін айтып, ұйымды жедел басқарудан кеткісі келетінін алға тартып, өз кандидатурасын ұсынбаған.

Дегенмен ол ұйымның бас сарапшы-кеңесшісі қызметін атқара береді. Жасырын дауыс беру барысында директор болып Бюро директорының орынбасары және БҰҰ «Босқындар мен азаматтығы жоқ адамдарға құқықтық көмек көрсету» жобасының үйлестірушісі Денис Дживага сайланған.

Сондай-ақ, отырыста Бюроның ұйымдық қалыптасқан жүйесіне, Жарғысына аздаған өзгерістер енгізу мәселесі талқыланып, Бюро Кеңесінің сайлауы өткен.

Адам құқықтары мен заңдылықтың сақталуы жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро 1993 жылы құрылған. Қазір ол Алматы қаласында бас кеңсесі, республика өңірлерінде он филиалы және бір өкілдігі бар Қазақстандағы ең ірі құқық қорғау ұйымы.

Фото: qazpolit.org

Байланысты жаналықтар

Ватиканда жаңа Рим папасы сайланды

08.05.2025

Ватиканда жаңа Рим папасын сайлау рәсімі басталды

07.05.2025

Фридрих Мерц екінші талпыныстан кейін Германия канцлері болып сайланды

06.05.2025

Серік Сәпиев жаңа қызметке сайланды

27.04.2025

Украина билігі президент сайлауын өткізуге келісті

22.03.2025

Лукашенко 86,82% дауыс жинады – Беларусь ОСК

27.01.2025
MalimBlocks
Ватиканда жаңа Рим папасы сайланды

Ватиканда жаңа Рим папасын сайлау рәсімі басталды

Фридрих Мерц екінші талпыныстан кейін Германия канцлері болып сайланды

Серік Сәпиев жаңа қызметке сайланды

Украина билігі президент сайлауын өткізуге келісті

Лукашенко 86,82% дауыс жинады – Беларусь ОСК