Түймебаев бәрібір ректор болды

Malim Админ

  • 10.02.2021

Бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ұжымына су жаңа ректор Жансейіт Түймебаевты таныстырды.

Жансейіт Түймебаевтың ҚазҰУ ректоры болып тағайындалуы «дәретхана дауынан» кейін БАҚ бетінде қызу талқыланды. Осыдан кейін Қазақстан халық ассамблеясы Жансейіт Қансейітұлының Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры болмағанын, әлі де ассамблея төрағасының орынбасары екенін айтып, оның әжетхана тендеріне қатысы жоғын мәлімдеген.

Ақпанның 8-і күні Orda.kz сайты Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің құны 11 миллион теңгеден асатын екі биодәретхана сатып алмап, орнатпақ екенін жазған. Бұл мәселеге назар аударған malim.kz сайты ұлттық университет мемлекеттік сатып алулар порталына биодәретхана сатып алатыны туралы хабарландыруды 5 ақпан күні кешкі сағат 20:05-те ілгенін жазған. Ал бұл уақытта қоғам қайраткері Мұрат Әбенов жоғары оқу орындарындағы ректорлық лауазымға кандидаттарды анықтайтын Республикалық комиссияның отырысы өтіп, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры болып Жансейіт Түймебаев сайланғанын әлеуметтік желіде жария еткен.  Яғни ұлттық университет жаңа ректор сайлана салысымен мемлекеттік сатып алулар порталына 22 миллион теңгеге дәретхана сатып алатыны жайлы хабарландыру ілген.

22 миллионға дәретхана сатып алуға тапсырыс берген экс ректор Ғалымқайыр Мұтанов па, жоқ әлде су жаңа ректор Жансейіт Түймебаев па? Бұл сұраққа әзірге жауап жоқ. Мүмкін алдағы уақытта екеуі қосылып жауап берер.

Оқи отырыңыз:Әжетхана дауынан кейін Түймебаев ректор болмай қалыпты

Байланысты жаналықтар

Түймебаевтың ұлын атып өлтірген сарбаз сотталды

04.07.2023

Түймебаев қымбат әжетхана сатып алудан бас тартты

12.02.2021

Әжетхана дауынан кейін Түймебаев ректор болмай қалыпты

09.02.2021

Түймебаевтың әжетханасы қанша миллион тұрады?

08.02.2021

Жүз мектепте сүрінген Жансейіт Түймебаев бір университетті жарылқай ма?

05.02.2021
MalimBlocks
Түймебаевтың ұлын атып өлтірген сарбаз сотталды

Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан Елнар Қансейіттің ісі бойынша әскери қызметкер алты жарым жылға сотталды.

Түймебаев қымбат әжетхана сатып алудан бас тартты

Әжетхана дауынан кейін Түймебаев ректор болмай қалыпты

Түймебаевтың әжетханасы қанша миллион тұрады?

Жүз мектепте сүрінген Жансейіт Түймебаев бір университетті жарылқай ма?