«Транстелеком» АҚ акциясы Назарбаеваның ұлына берілді

  • 17.02.2021
  • Malim Админ

«Транстелеком» АҚ компаниясының 75 пайыз акциясы Нұрәли Әлиев құрған «Unit Telecom» ЖШС иелігіне өтті.

11 ақпандағы үкімет жарлығында Мұқанов Марлен Сәбитұлына «Транстелеком» АҚ-ның 75% акциясын «Unit Telecom» ЖШС компаниясына беру туралы келісімге рұқсат беру жөнінде айтылған.

«Unit Telecom» компаниясының құрылтайшыларының қатарында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен-немересі, мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәли Әлиев пен Пакупателев Дмитрий есімді азамат бар. Әлиев «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, ал Дмитрий Пакупателев директорлар кеңесінің мүшесі. Нұрәли Әлиев бұл қызметке 2016 жылдың тамыз айында келген.

2021 жылдың 1 қаңтарындағы дерек бойынша Мұқанов «Транстелеком» АҚ –ның 74,99 % акциясына иелік еткен. Қалған 25 %-ы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына тиесілі болған. Марлен Мұқанов 2016 жылы (Әлиев қызметке келген жылдан бастап) «Транстелекомның»  49% акциясын иеленген. 2018 жылдың мамыр айында 75% акция бизнесменнің қолына өткен. Бұған дейін Мұқанов «Нұрбанк» директорлар кеңесінің мүшесі және Нұрәли Әлиевтің сенімді серіктерінің бірі болған.

2020 жылы «Транстелеком» АҚ-ның негізгі капиталы 12 млрд теңге, жалпы табысы 13 млрд теңге болған. «Unit Telecom» ЖШС 2014 жылы тіркелген. Бірақ мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, тек 2020 жылы 9090 теңге көлемінде салық төлеген.

«Forbes» журналының есебі бойынша, 2020 жылы Нұрәли Әлиевтің байлығы 269 000 000 доллар болған. Ол «Capital Holding» ЖШС-ға иелік етеді. Бұдан бөлек, «Darmen Holding» компаниясы мен «Nd Capital» венчурлық қорының акционері.

Соңғы жылдары Нұрәли Әлиевтің есімі Ұлыбританиядағы қымбат жылжымайтын мүліктерге байланысты дауларда жиі аталуда.

Байланысты жаналықтар

Медицинаның түйіткілді мәселелерін көтерді

29.12.2020

Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды

28.06.2021

«Nur Otan»-ның Болгариядағы бөлімшесі: Қара теңіздегі қарағандылық шенділер

12.04.2021

Қытай геноцидіне қарсы акция тоқтамайды

13.05.2021

Жаңаөзен мұнайшылары ереуілге шықты

20.04.2021

Мәмин өзін күткен автобусқа мінбей кетті

25.05.2021