"Аузына май": Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелінің байлығы

Malim Админ

  • 05.03.2021

Әлеуметтік желіде бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының байлығы туралы белгісіз біреулер жасаған видео тарап, онда экс-министрдің отбасы қымбат сарайлар, ресторандар, базар, финтес орталығы, қонақ үй, кеңселерді жалға беретін ғимарат пен ат-спорт кешеніне иелік ететіні айтылған.  Экс-министрдің өзі мұны әлеуметтік желіде жоққа шығарып, оны "кезекті ақпараттық шабуыл" деді.

Malim.kz аноним видеода айтылған жайттарды тексеріп, зерттеудегі нысандардың біразы расында да Арыстанбек Мұхамедиұлының отбасына тиесілі екенін анықтады.

Мұхамедиұлының жұбайы және "Alem corporation"

Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі Ғалия Ысқақова – "Alem corporation" ЖШС-ның жалғыз иесі. "Alem corporation" атты ағылшын тіліндегі сайтта корпорацияға Alem Educational Systems, Alem Languages, Қазақстандық Швейцария-Американдық туризм және қонақжай ісі колледжі, "Дипломат" қонақ үй, бинес және экспо орталығы", "Қазақ энциклопедиясы", "Дипломат" қонақ үйіндегі The Family кафесі, Alem tutor және Alem travel компаниялары кіретіні жазылған. Ал "Дипломат" қонақ үй, бизнес және экспо орталығына" қонақ үй, бизнес орталық, қонақ үйдегі бірнеше қымбат мейрамхана және Bali Spa және фитнес орталығы кіреді.

"Alem Corporation" – бұл өнімдер мен қызметтерге ерекше көзқарас қалыптастырған Орталық Азиядағы корпорация. Біз бәсекеге қабілеттілікті бизнесті дамытудың маңызды элементтерінің бірі деп білеміз", - делінген корпорация сайтында.

 

 

Енді корпорацияға кіретін әр компанияға тоқталайық.

Жекеменшікке өткен "Қазақ энциклопедиясы"

Мемлекет меншігінде, мәдениет және спорт минстрлігінің балансында болған "Қазақ энциклопедиясын" 2015 жылдың наурызында қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті тендер арқылы жеке компанияға сатқан.

"Қазақ энциклопедиясын" 222 031 800 теңгеге "Alem corporation" компаниясы сатып алған. Бұл уақытта компания атауы мен құрылтайшылары басқа болғанымен, 2020 жылдың тамызынан бастап "Alem corporation" ЖШС-ның жалғыз құрылтайшысы – Ғалия Ысқақова. Осылайша Алматы қаласындағы 8 ықшамауданы 19А үйде орналасқан "Қазақ энциклопедиясының" жалғыз иесі де А.Мұхамедиұлының жұбайы.

Ат-спорт кешені

Видеода экс-министр отбасының ат-спорт кешені бар екені айтылады. Расында да, А.Мұхамедиұлының әйелі Ғалия Ысқақованың "Tulpar Resort" компаниясы бар. Компания Алматыдағы Жетісу ауданы Жансүгіров 262/2 мекенжайында орналасқан. Ал тура осы мекенжайда атсүйер қауым жақсы білетін "Тұлпар" ат-спорт кешені тұр.  Алматы ипподромына тиіп тұрған "Тұлпар" ат-спорт кешенін "жылқылары керемет" деп интернетте мақтайтындар көп. Ат-спорт кешенінің Instagram парақшасына қарағанда, онда ат мініп қана қоймай, футбол алаңын жалға алып, самбо, йога, семсерлесу, бокс, күрес тәрізді ақылы секцияларға баруға болады.

Мейрамхана мен SPA-орталық

Арыстанбек Мұхамедиұлының жұбайы Ғалия Ысқақованың атындағы компаниялар мұнымен бітпейді. Ғ.Ысқақованың мейрамхана саласында жұмыс істейтін  "AiDimZhan & Co" компаниясы бар. Компания астанадағы "Дипломат" ғимаратында орналасқан. "Дипломат" қонақ үйінде бірнеше мейрамхана бар. Соның бірі видеода сөз етілетін,  жоғарыда айтылған "Alem corporation-ға" кіретін – Family кафесі.

 

Бірақ "Дипломат" қонақ үйі аноним видеода айтылғандай, Арыстанбек Мұхамедиұлының туыстарының иелігінде емес. Ашық деректерге сәйкес,  қонақ үйдің құрылтайшысы – Қазақстанның Индонезиядағы бұрынғы елшісі, кәсіпкер Серік Итенұлы Қарымсақов.

Alem corporation-ге кіретін Bali SPA wellness & fitness орталығына Арыстанбек Мұхамедиұлынікі екенін бірқатар ақпарат құралдары бұған дейін жазған. Қаңтарда жөндеуге жабылып қалған орталықтың клиенттері ақшасын қайтара алмай қалғанда, журналистер СПА орталықтың иесі ретінде Арыстанбек Мұхамедиұлына хабарласып, мән-жаййды сұрап білген. "Литердің" жазуынша, орталыққа қатысы барын жоққа шығармаған экс-министр ақшаның жайын администратордан сұраңдар деп қайырған.

Оқу орындары

Арыстанбек Мұхамедиұлының отбасы білім беру саласындағы бизнеске де бет бұрған. Елордада "Дипломат" бизнес орталығында "Қазақстандық Швейцария-Американдық туризм және қонақжай ісі колледжі" орналасқан. Оған да "Alem Corporation" ЖШС арқылы Ғалия Ысқақова иелік етеді.

Оқу орны 2020 жылға дейін "АСУ" гуманитарлы-техникалық колледжі" деп аталған. Колледжді 2019 жылдың аяғында "Alem Corporation" ЖШС сатып алған. Колледж туризм, тамақтандыруды ұйымдастыру, аударма ісі, қонақ үй бизнесі, әлеуметтік жұмыс тәрізді мамандықтар бойынша оқытады.

Арыстанбек Мұхамедиұлының 19 жастағы баласы Жандос Мұхамедидің де білім беру саласында кәсібі бар болып шықты. Жандос Мұхамедидің "Дипломат" бизнес орталығында тіл оқытатын Alem Languages тіл орталығы бар. Ақпарат құралдары Жандос Мұхамедиді болашағынан көп үміт күттіретін скрипкашы деп жазған.

 

Арыстанбек Мұхамедиұлының 23 жастағы ұлы Дінмұхамед Мұхамеди болса талапкерлерге оқу орны мен мамандық таңдауға көмектесетін "Alem Educational Systems" ЖШС-ның иесі.

 

Видео тараған бетте Арыстанбек Мұхамедиұлы әлеуметтік желідегі парақшада мұны жала жабу деген. "Достар, мұнда бір видео белсенді түрде таратылуда, маған оны бүгін 10 мәрте жіберді. Ауызына май, дегендей...  Шамасы, жала жабу мен арандатулар әлі көп болатын сияқты: кезекті ақпараттық шабуыл қарқын алуда. Әдеттегідей, анонимді, жалған... Әр кезде ұмытпайтындарыңызға рақмет", - деп жазады А.Мұхамедиұлы.

Мақаланы көшіріп басуға болмайды!

 

 

 

Байланысты жаналықтар

В объятиях государства. Почему казахстанцы не хотят жениться?

26.03.2024

Рост зарплат в два раза ниже реального роста экономики в Казахстане

13.02.2024

Неравенство в Казахстане как в Африке – исследование

26.01.2024

Почему казахстанцы такие бедные – исследование

24.01.2024

Низкое доверие госинститутам в Казахстане зафиксировали социологи

15.01.2024

Центрально-Азиатский союз: возможности или риски?

20.11.2023
MalimBlocks
В объятиях государства. Почему казахстанцы не хотят жениться?

В Казахстане рекордно снизилась статистика создания новых браков, и это при том, что численность молодежи растет. Как сообщают аналитики Ranking.kz, за январь–декабрь 2023 года в стране зарегистрировали брак 120,9 тыс. пар. Это на 6% меньше, чем годом ранее.

Рост зарплат в два раза ниже реального роста экономики в Казахстане

В четвертом квартале 2023 года среднемесячная заработная плата составила 393.6 тысяч тенге, увеличившись на 12% с предыдущего квартала. Но радоваться этому не стоит. Аналитики «Халык финанс» считают, что такой рост связан с выплатами премий в конце ушедшего года.

Неравенство в Казахстане как в Африке – исследование

Почти половина жителей Казахстане имеет среднемесячные доходы на душу населения ниже минимальной заработной платы (85 тыс. тенге). При этом больше половины этих доходов люди вынуждены тратить на продукты питания. Зато 10% наиболее богатых людей в стране владеют почти 60% всех активов домохозяйств, что ставит Казахстан по уровню имущественного неравенства в один ряд со странами Африки. К таким выводам пришли аналитики «Халык Финанс» в опубликованном исследовании «Экономическое неравенство населения в Казахстане».

Почему казахстанцы такие бедные – исследование

Сырьевая направленность экономики и низкая производительность труда мешают казахстанцам больше зарабатывать. Частный сектор, малый и средний бизнес не то что не стали опорой экономики и источником ее эффективности, но и стагнируют. Тем временем государство увеличивает свою роль во многих сферах, позволяя оставаться на рынке низкопроизводительным компаниям. К таким выводам пришли аналитики «Халык Финанс» в опубликованном отчете «Рынок труда Казахстана 2023 - низкая производительность, скрытая безработица, региональный дисбаланс».

Низкое доверие госинститутам в Казахстане зафиксировали социологи

Центр социологических и политических исследований «Стратегия» опубликовал рейтинг управленческой элиты за 4 квартал 2023 года

Центрально-Азиатский союз: возможности или риски?

Ухудшение социально-экономического положения в странах Центральной Азии на фоне войны в Украине снова стало поводом для обсуждения возможности экономической интеграции. В среду, 15 ноября, эксперты Central Asian Think Tanks Forum, организованного PaperLab в Астане, размышляли, как нашим странам стоит объединять усилия, чтобы наконец перестать быть объектом геополитических и экономических интересов мировых держав и становиться самодостаточным регионом.