Халыққа бөлінген ақшаны депозитке салған

Malim Админ

  • 03.03.2020

Аграрлық саланы дамыту үшін бөлінген мемлекеттік ақшасын депозитке салып, заңсыз ақша жымқырып отырған шенеунік ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі серіктестік департаментінің бас сарапшысы Сымбат Исрапулова «Аграрлық несие корпорация» АҚ-ның бұрынғы төрағасы Нармұхан Сарыбаевтың 5,3 миллиард теңгені заңсыз жолмен банк есепшотына салып, пайда тапқанын айтты.

Квазимемлекеттік компаниялар екінші деңгейлі банктердің ұзақ мерзімді депозиттік шоттарына миллиардтаған бюджет қаражатын негізсіз орналастырып отырғаны анықталып, қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеп жатыр.

Нақты мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін бөлінген қаржыны квазимемлекеттік сектордың жекелеген лауазымды тұлғалары бұл қаржыны заңсыз жолмен пайда табу үшін пайдаланған.

«2017-2018 жылдары ауыл шаруашылығы министрлігі «Аграрлық несие корпорация" АҚ басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаевтың басшылығымен банктегі депозитке 5,3 миллиард теңге салған. Сарыбаев жүйелі түрде жеке тұлғадан 11 миллион теңге көлемінде пара және 53,5 миллон теңге көлемінде банктің сыйақысын алған», - дейді Сымбат Исрапулова баспасөз мәслихатында.

2019 жылы Нармұхан Сарыбаев «Оңтүстік аймақтық инвестициялық орталығы» ЖШС басқарма төрағасы болып сайланғаннан кейін де бұрынғы әдетін қоймаған. Ол жоғарыдағы әдіспен екінші деңгейлі банктің депозиттік шотына 1 миллард теңге салған. Осылайша, басшы жүйелі түрде 1,5 миллон теңге көлемінде пара алып отырған.

«Сарыбаев Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр», - деді Сымбат Исрапулова.

Фото: kazagro.kz

Байланысты жаналықтар

Сондерс: «Жоғал, сары ақымақ!»

02.02.2020

Әкім келмейді: Ақтөбе тұрғындары он күннен бері азық-түліксіз отыр

08.04.2020

Әліпбидің әлегі

24.03.2020

Өлеңші Томас (шотланд ертегісі)

03.04.2020

Әкім Радченко Заречныйға Абайдың атын бере ме?

04.02.2020

Шыншыл Свэн (дат ертегісі)

02.04.2020
MalimBlocks
Сондерс: «Жоғал, сары ақымақ!»

Әкім келмейді: Ақтөбе тұрғындары он күннен бері азық-түліксіз отыр

Әліпбидің әлегі

Өлеңші Томас (шотланд ертегісі)

Әкім Радченко Заречныйға Абайдың атын бере ме?

Шыншыл Свэн (дат ертегісі)