Цойдың жағымсыз сценарийі: үш айда 370 мың адам вирус жұқтырады

Malim Админ

  • 01.04.2021

Денсаулық сақтау министрлігі елде жаңа штамдардың анықталғанына байланысты алдағы үш айға ұсынған эпидемиологиялық ахуалдың болжамын жаңартты. Жағымды сценарий бойынша, үш айда 140 мың адам инфекция жұқтыруы мүмкін, ал жағымсыз сценарий бойынша, вирус 370 мың адамнан анықталуы ықтимал.

Бүгін Ақордада коронавирус инфекциясына қарсы тұру шаралары жөніндегі жиында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алдағы үш айда эпидемиологиялық ахуалдың қалай өрбуі ықтимал екенін көрсететін сценарийлерді ұсынды.

"Ел аумағында мутацияға ұшыраған штамдардың анықталғанына байланысты эпидемиологиялық ахуалдың болжамын жаңарттық. Жағымсыз сценарий бойынша, сәуір-маусым аралығында вирус 370 мың адамнан анықталады, ал ауруханаға 190 мың адам ауруханаға жатқызылады деп болжаймыз.

Реалистік сценарий бойынша, сәуір-маусымда 250 мың адамнан вирус жұқтырып, 127 мың адам ауруханаға жатқызылады деп болжаймыз.

Жағымды сценарий бойынша, сәуір-маусымда 140 мың адамнан вирус анықталып, 71 мың адам ауруханаға жатқызылады", - деді Алексей Цой.

Бұған дейін Цой сәуір айында вирусты күніне 500-ден 1600 адамға дейін жұқтыруы мүмкін деп болжаған.

Алексей Цой денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық ахуалды бақылап, соған сай медициналық мекемелердің дайындығын күшейту шаралары қабылданып жатқанын мәлімдеді.

Осы жиында Қасым-Жомарт Тоқаев Алексей Цойды баяу вакцинация үшін сынға алып, ескерту жасады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Цойға ескерту жасады

Байланысты жаналықтар

Денсаумин Қазақстандағы Covid-19 жағдайына байланысты мәлімдеме жасады

18.05.2025

Емханаға түскен Берденовтің денсаулығы қалай? Министр жауап берді

29.04.2025

Маңғыстауда оқушылар уланды: министрлік бақылаудың жаңа тәсілдерін әзірледі

27.04.2025

Онкологиялық тексерістен кімдердің тегін өтетіні белгілі болды

30.03.2025

Перзентханалардағы дәрігерлердің мәртебесін көтеру қажет - министр

25.02.2025

ДСМ: Қазақстанда маймыл шешегі тіркелмеді

18.08.2024
MalimBlocks
Денсаумин Қазақстандағы Covid-19 жағдайына байланысты мәлімдеме жасады

Емханаға түскен Берденовтің денсаулығы қалай? Министр жауап берді

Маңғыстауда оқушылар уланды: министрлік бақылаудың жаңа тәсілдерін әзірледі

Онкологиялық тексерістен кімдердің тегін өтетіні белгілі болды

Скринингтен өту керектігі жайлы медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары пациентке қоңырау салу, SMS жолдау арқылы хабарлайды

Перзентханалардағы дәрігерлердің мәртебесін көтеру қажет - министр

2024 жылы Қазақстанда алғаш рет ана өлімінің ең төмен көрсеткіші тіркелді

ДСМ: Қазақстанда маймыл шешегі тіркелмеді

Дегенмен қауіпті елдерге баратындарға сақтық жолдарын ұсынды