Мусиндер "ақшаға" таласып, Тоқаевтан араша сұрады

Malim Админ

  • 07.03.2020

Бүгін Facebook әлеуметтік желісінде өзін «72 жастағы Мусин ОРЫНБАСАРМЫН» деп таныстырған кісінің президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА арнаған видео үндеуі жарияланды. Үндеу жасаған адам өзінің туған інісі, президент әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі Аслан МУСИННЕН теперіш көріп жүргенін баяндайды.

«Кәсіпкерлікпен тәуелсіздік таңы атысымен айналыстым және одан (Аслан Мусиннен-ред.) алысырақ жүруге тырыстым, себебі мемлекеттік қызметтегі жағдайын ескердім, сондай-ақ, оның жүріс-тұрысы бұрыс жаққа өзгере бастаған-ды. Сонда да, оған үнемі көмектесіп тұруыма тура келді, өйткені материалдық жәрдем сұрай беретін. (...) 2005 жылдан ол бопсалауды бастады. Ол кезде Аслан Атырау облысын басқарып тұрған және атағы шыққан ағайынды Рысқалиевтармен қарым-қатынасы жақсы, солар бірігіп қысым көрсетіп, бизнесімнің 50 пайызын баласы Асылбекке уақытша жазып беруіме көндірді. Жоғары лауазымды шенеуніктің шалқып өмір сүретін баласы мол ақшаны қайдан алады деген сұрақ тумас үшін осылай істеу керек деді. Оның үстіне үлесті баласына жазып берсең, рейдерліктен құтыласың деді. Бірақ, тағдырдың тәлкегі екен, сол күннен рейдерлік әрекет басталды.  Қарсы сөз айтып көрген едім, туған інімнің қоқан-лоққысын, тіпті, ұрып-соғуын да көрдім. Оның аярлығынан, жүйкесінің тұрақсыздығынан қорыққанымнан, өзім мен отбасымның амандығын ойлағандықтан «Рамазан» ЖШС-гі 50 пайыз үлесті Асылбек МУСИННІҢ атына жазып беруге мәжбүр болдым. Кейін Асылбектің үлесі Аслан МУСИННІҢ айтуымен оқушы кезінен-ақ шетелде тұратын, соңғы кездері Латвияда тұрақтаған кіші ұлы Сауранбек МУСИНГЕ жазылды. Аслан МУСИН үшін балаларында Қазақстанда өте үлкен қаржы айналымы бар бизнестің болуының өте қажеттігін кейіннен білдім. Өйткені, оның балаларында осы жақта бизнестің болуы шетелдегі қыруар ақшасының қайдан шыққанына жауап іспеттес екен, - дейді үндеуінде Орынбасар МУСИН.

Оның айтуынша, былтыр інісі Аслан «бизнестің қалғанын бер» депті.

«2019 жылы «Рамазан» серіктестігінен шығуды сұрадым. Ал ол болса, өз құлағыма сенбейтін сөз айтып, қоқан-лоққы көрсетіп, қайта 50 пайызды тартып алатынын айтты. (...) Әлбетте, қолымдағы бизнесті бермейтінімді айттым. Тіпті, өзімді, баламды түрмеге қамаймын дегеніне де қарамадым. Менің болжауымша, інімнің үлкен бизнесімді тартып алуға бір ғана себебі бар: Латвия банкі оның және оның отбасы мүшелерінің және марқұм баласы Асылбек Мусиннің атына ашылған есеп-шоттарды ақша жымқырды және терроризмді қаржыландырды деген айыппен бұғаттап тастаған».

Орынбасар Мусин інісі Аслан Мусиннен көрген біраз қоқан-лоққыны айта келіп, енді үнсіз отыра алмайтынын жеткізіпті.

«Көпке дейін тіс жармадым. Ініме ес кірер дедім. Бірақ, бүгін ұлымды қамағаны шыдамымның шегі болды. Президент мырза, қоғам өкілдері көмектесіңіздер, аспандап кеткен  Аслана МУСИН мен оны қолдайтын билік құрылымындағы топтарды тәубесіне түсіріп беріңіздерші», - деп үндеуін аяқтайды Орынбасар МУСИН.

Бір айта кетерлігі, Ақтөбе обылысына өте белгілі кәсіпкер Орынбасар МУСИН 2016 жылы Латвия мемлекетінің Ақтөбе өңіріндегі құрметті елшісі боп тағайындалған. Ал ол басқаратын «Рамазан» ЖШС Ақтөбе өңіріндегі азық-түлік бизнесіндегі ең үлкен құрылым.

Байланысты жаналықтар

Су тасқыны: Ақтөбе облысындағы кейбір ауылдар жойылып кетуі мүмкін

12.04.2024

Ақтөбеде «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ белсенділері су тасқынынан зардап шеккен отбасыға құрылыс материалдарын сатып алуға көмектесті

11.04.2024

Еріктілер Ақтөбедегі 50 үйдің 30-ын су тасқынынан құтқарып қалды

10.04.2024

Атырау облысындағы Жем өзенінде су деңгейі төмендей бастады

08.04.2024

Ақтөбелік краншы зейнеткер туған қаласын қауіптен қалай құтқарды?

08.04.2024

Ақтөбенің Ырғыз ауданында төтенше жағдай жарияланды

08.04.2024
MalimBlocks
Су тасқыны: Ақтөбе облысындағы кейбір ауылдар жойылып кетуі мүмкін

Жергілікті билік ауыл тұрғындарын облыс орталығына қоныстандыруды жоспарлап отыр. 

Ақтөбеде «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ белсенділері су тасқынынан зардап шеккен отбасыға құрылыс материалдарын сатып алуға көмектесті

Бұған дейін қордың Ақтөбе өкілдігі қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтардың атына бір күндік жалақы жолдаған болатын. 

Еріктілер Ақтөбедегі 50 үйдің 30-ын су тасқынынан құтқарып қалды

Табиғи апат ел азаматтарын біріктірді.

Атырау облысындағы Жем өзенінде су деңгейі төмендей бастады

Қанат Бозымбаев өңір басшысымен бірге Құлсарыдан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аумақтың үстімен ұшып өтті.

Ақтөбелік краншы зейнеткер туған қаласын қауіптен қалай құтқарды?

Біз үшін әр минут қымбат болды, себебі су мөлшері сағат сайын артып бара жатты.

Ақтөбенің Ырғыз ауданында төтенше жағдай жарияланды

Қарғалы өзені арнасынан асып, Ақтөбе қаласындағы бау-бақша ұжымында адамдар эвакуацияланды.