Нығматулиннің ұлы лауазымды қызметке тағайындалды

  • 04.06.2021
  • Malim Админ

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы лауазымды қызметке тағайындалды.

Нұрлан Нығматулиннің ортаншы ұлы Нұрхан Нұрланов «Қазфосфат» ЖШС басшысы болып тағайындалды. Бір апта бұрын компанияның инстаграм желісіндегі ресми аккаунтында «Қазфосфатты» 40 жыл басқарған Мұқаш Искендіровпен кәсіпорын жұмысшыларының қоштасуы бейнеленген видеоролик жарияланды. Ол жарты миллионнан астам қаралым жинаған.

Химия өнеркәсібі жұмысшылары күні дәл осы аккаунтта мерекелік бейнеролик жарияланды. Көпшілікке Нұрхан Нұрлановтың «Қазфосфат» ЖШС басшысы болып тағайындалғаны осы бейнежазбадан кейін белгілі болды.

Ашық дереккөздерде бұған дейін Нұрхан Нұрлановтың лауазымды қызметтерде болмағаны жөнінде айтылады. 1993 жылы дүниеге келген мәжіліс спикерінің ұлы бұған дейін РБК Банк басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған. Бұдан бөлек, рk.uchet.kz мәліметінше, Нұрхан Нұрланов "KAZChemicals" ЖШС басқарма төрағасы.

БАҚ мәліметінше, Нұрлан Нығматулиннің 1988 жылғы Нұржан Нұрланов (ЖШС «ҚазМұнайгаз-Аэро» бас директоры) , 1993 жылғы Нұрхан Нұрланов және 2003 жылғы Мәди есімді үш ұлы бар.

Байланысты жаналықтар

Қазақстан тағы қандай елдерден көмек сұрады?

02.04.2020

ЕЭО: Қазақстан Ресейге қарымта жауап қайтармайды

18.05.2021

Мамин 15 млн шаршы метр тұрғын үйдің салынуын қадағалайды

07.04.2020

Әлімжанов депутаттың сынына жауап берді

11.05.2021

Франция сарайлары: Жеке аралы мен алып поместьесі бар қазақ байы

15.04.2021

Кәсіби кеңес көлеңкедегі қаржыны жарыққа шығарады

27.02.2020