Қазақстандықтар Ресейге кетіп жатыр

Malim Админ

  • 12.03.2020

2019 жылы Қазақстаннан 45 мыңнан астам адам көшіп кеткен. Оның 39 мыңы Ресейге қоныс аударыпты.

Sputniknews.kz сайтының жазуынша, сыртқы көші-қон 45 200 адамның 31,5 мыңы еңбекке жарамды азаматтар. Ал, өзге елге қоныс аударғандардың арасында балалар мен жасөспірімдер саны 11,7 мың, зейнеткерлер 2,1 мың.

Мәліметтерге қарағанда, эмигранттардың ең көбі Шығыс Қазақстан облысынан кеткен – 7 100 адам. Бұдан кейінгі орында Қарағанды (5800) мен Қостанай (5700) тұр.

Бұған дейін Ресей мен Украинаға, Германияға көшушілер негізінен өздерінің тарихи атажұртына кеткені айтылып келген. Бірақ, былтыр Ресейге көшіп кеткендердің арасында орыстан басқа да ұлттар бар. Мәселен, Ресейге кеткен 39 мың азаматтың 32,8 мыңы орыс, қалғаны түрлі ұлт өкілдері. Бұдан кейінгі орындарда немістер (3200) мен украиндар (3000) тұр.

Қазақстанға келушілер саны көшкендерден 3,5 еседей аз – 12 260 адам. Оның басым бөлігі қазақтар. Бір қызығы елге келген 7 мың қазақпен бірге орыс ұлтты иммигранттар да бар. Олардың саны 2 650 адамды құрайды. 9 500 адам еңбекке жарамды есептелсе, балалар саны – 1,7 мың, зейнеткерлер – 1,1 мың адамды құрайды.

Қазақстанға көшіп келушілердің ең көбі Алматы қаласы мен соның айналасына келген. Қалаға 1 400 адам, облысқа 2 100 адам қоныстанған. Ал Маңғыстау облысына 2 500 адам көшіп келіпті. Бұлардың көпшілігі Өзбекстаннан (4 160) және Ресейден (3 400) келген.

Ал, Қазақстандағы ішкі көші-қон ағыны 2019 жылы 1,1 миллион адамға жетті. Бұл 2018-бен салыстырғанда 25,6%-ке көп. Дегенмен, ішкі көші-қон көбейгенмен, қоныс ауыстырушылардың көбі халық саны жылдан жылға азайып бара жатқан аймақтарға емес, керісінше халық тығыз орналасқан өңірлерге көшіп жатқанын айта кету керек.

Байланысты жаналықтар

42 500-ді қайтарғың келсе – қайтар, қайтарғың келмесе – қайтарма

20.04.2020

Коронавирус бардың малын шашады, жоқтың артын ашады - 1

31.03.2020

Қордай оқиғасы: 14 адам адам әлі жансақтау бөлімінде жатыр

10.02.2020

Қордайда ақсақалға қол көтерген әкелі-балалы Юнхуларға үкім шықты

30.04.2020

Қырғызстандағы митингіде 19 полиция жарақаттанған

03.03.2020

Бір жыл өтті. «Олар өздеріне ор қазып жатыр»

22.04.2020
MalimBlocks
42 500-ді қайтарғың келсе – қайтар, қайтарғың келмесе – қайтарма

Коронавирус бардың малын шашады, жоқтың артын ашады - 1

Қордай оқиғасы: 14 адам адам әлі жансақтау бөлімінде жатыр

Қордайда ақсақалға қол көтерген әкелі-балалы Юнхуларға үкім шықты

Қырғызстандағы митингіде 19 полиция жарақаттанған

Бір жыл өтті. «Олар өздеріне ор қазып жатыр»