ДДСҰ коронавирустың енді қаншаға созылатынын айтты

  • 23.04.2020
  • Malim Админ

Жер шарын үйіне тығып, карантинге жапқан COVID-19 жақын арада кетпейді. Сол себепті мемлекеттер мұқият болу керек. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Женевадағы брифингте айтты деп хабарлайды Malim.kz сайты Ria.ru-ға сілтеп.

«Біз әртүрлі аймақтан әртүрлі трендттерді көріп отырмыз. Батыс елдерінің басым бөлігінде таралу біраз тұрақтады не азая бастады. Көрсеткіштері аз болса да, біз Африка, Орталық және Оңтүстік Америка, сондай-ақ Батыс Еуропадан тынышымызды алып тұрған өзгерістерді көріп отырмыз.  Көптеген елдер эпидемияның алғашқы стадиясында тұр, ал кейбір, вирусқа ертерек тап болғандары жағдайдың өзгере бастағанын байқады. Қателік жіберіп алмаңыздар, қайда, әлі біраз жүруге тура келеді. Бұл вирус бізбен бірге әлі ұзақ болады», деді ол.

ДДСҰ басшысының айтуынша, эпидемия енді мүлде жаңа қарқынмен таралуы мүмкін, өйткені, әлем халқының көп бөлігі қорғаусыз қалып отыр.

Айта кету керек, коронавирус пандемиясы біраз елдерде азая бастағанмен, бұл жұқпалы ауру күзде қайтып келеді деген болжамдар айтылып жүр. Қазіргі көрсеткіштер бойынша әлемде 2,39 миллион адам ауру жұқтырып, 162 мыңнан астам адам қайтыс болған.

Байланысты жаналықтар

Жастардың санасын улайтын есірткі

13.03.2020

Көпбалалы отбасыларға 106 пәтер берілді

12.04.2021

Жемқор: Шөкеевтің облысы бәрінен озды

13.02.2020

Әкімдік қызметкерін «қатын» деген тұрғын жазаланды

16.05.2020

"Енді митингіге рұқсат сұрамайсың"

09.04.2020

Сарапшы: Бейбіт жиналыстар туралы заң жобасы халықаралық тәжірибеге сай

12.03.2020