"Көше партиясы" тіркеуге құжат тапсырмақ

Malim Админ

  • 29.04.2020

Коронавирусқа орай жарияланған карантинен кейін «Көше партиясы» халықтық қозғалысы ресми тіркелу үшін құжаттарын өткізбекші. Бұл туралы қоғамдық белсенді Айгүл АҚБЕРДІ хабарлады.

«Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының төтенше жағдайға байланысты жарияланған карантин аяқталған соң «Көше партиясы» халықтық бейбіт қозғалысының бір топ белсенділері тиісті құзырлы органдарға барып, осы қозғалысты тіркеу жөнінде өтініш береді. «Көше партиясы»  ҚР-ның барлық өңірлерінде іс-әрекет етіп жатқан  халықтық бейбіт қозғалыс. Конституцияның 20-шы, 23 және 5-ші баптарына сәйкес іс-әрекет ететінін естеріңізге сала кетейін. Яғни біз заңға қайшы іс-әрекет етіп жатқан жоқпыз. Дәл қазіргі таңда көше партиясының мақсаты халықты өз құқығымен таныстыру», - деді Айгүл Ақберді.

2020 жылдың ақпан айында бір топ белсенді «Көше партиясы» атты қозғалыс құратындарын мәлімдеген еді. Олар Нұр-Сұлтан қаласы көшелерінің бірінде өз бағдарламаларымен таныстырды. Жолай өткен адамдарға өз парақшаларын таратқан еді. Онда дәрігерлер мен мұғалімдер айлығын 400 мың теңгеге көтеру, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жұмыссыздарға тегін мецициналық көмек пен білім беру керектігі жазылған. Және жәрдемақыны көбейту қажет делінген. Сондай-ақ, Арон АТАБЕК, Макс БОҚАЕВ бастаған саяси тұтқындарды босатуды талап еткен. Бұл қозғалыс Қазақстанда парламенттік биліктің болғанын да қалайды. Мемлекеттік тілді дамыту және тұрғын үй бағдарламасы бойынша берілетін үйлердің пайызын 5 %-ға түсіруді де қалайды.

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда өтетін чемпионат Өзбекстанға ауыстырылды

18.02.2020

Қорғаныс министрлігінің генерал-майоры ұсталды

04.02.2020

Қос шебер мен зерделі келін (ингуш ертегісі)

26.03.2020

Тұрғымбаев митингке шыққандарды "қойша көгендеуді" жалғастырады

04.03.2020

Тоқаевтың бір жылы: Шындықтан қаша алмадық

18.03.2020

Жалағаш әкімдігінің 7 млн теңгесі желге ұшты

27.03.2020
MalimBlocks
Қазақстанда өтетін чемпионат Өзбекстанға ауыстырылды

Қорғаныс министрлігінің генерал-майоры ұсталды

Қос шебер мен зерделі келін (ингуш ертегісі)

Тұрғымбаев митингке шыққандарды "қойша көгендеуді" жалғастырады

Тоқаевтың бір жылы: Шындықтан қаша алмадық

Жалағаш әкімдігінің 7 млн теңгесі желге ұшты