Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда Арон Атабекпен қоштасу рәсімі өтті

Саясат
Алматыда Арон Атабекпен қоштасу рәсімі өтті

Ақынның жаназысы қарындасының үйінде оқылды. Қаладағы ауа райының құбылғанына қарамастан, Атабекті ақтық сапарға шығарып салуға халық көп жиналған. Ақынның әріптестері, қоғам белсенділері мен саясаткерлер оның отбасына көңіл айтты. Ол Алматы маңындағы Бағанашыл зиратына жерленеді.

Екі күн бұрын ауруханада қайтыс болған Атабек 2006 жылы Алматыдағы «Шаңырақ оқиғасынан» кейін 18 жылға сотталған. 2021 жылы 1 қазанда денсаулығына байланысты жазасы жеңілдетіліп, түрмеден босап шыққан. Ол өз кінәсін мойындамай, жазасын жеңілдетуге өтініш беруден бас тартқан. Адам құқықтарын қорғау ұйымдары Арон Атабекті «саяси тұтқын» деп таныған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу