«Әкімдіктің кесірінен екі күн қамауда отырдық»

  • 06.05.2020
  • Malim Админ

Коронавируспен күресіп жатқан Ақтөбе билігінің екі күн бойы көп қабатты тұрғын үйдің бір кіреберісін  шатасып карантинге жауып тастағаны әшкере болды.  Жауаптылар қателеслескендерін мойындап отыр. Сөздерінше 29 сәуір мен 1мамыр аралығында бірден тіркелген  75 жағдай  есеңгіретіп тастапты. Сондықтан жедел жәрдем қызметі  жергілікті полицияға  қате ақпарат берген. Алайда екі күн бойы жазықсыз қамалдық деген тұрғындар әлі күнге ешкімнің келіп мән жайды түсіндірмегенін, тіпті кешірім де сұрамағанына наразы.

Ақтөбенің   «Батыс 2» ықшам ауданында орналасқан  9-шы үйдің 6-шы подьезінен коронавиурс анықтадық деп қателесіп екі күнге жауып тастаған.  Тұрғындардың сөзінше оларға ешкім жағдайды түсіндірмеген. Тіпті қай пәтерден коронавирустың анықталғанын да айтпаған. Ең сорақысы коронавирус шыққан  нақты мекен жайды білмеген полицейлер сол күні осы маңдағы үш бірдей үйді  қоршауға алған. Тек арада екі күн өткеннен кейін ғана вирус шыққан пәтер анықталды дейді.

«1-ші корпусты жапқанда мен полиция баладан сұрадым. «Маған жауап беріңіз, ауырып жатқан адам бар ма?» деп. Айтпады. Сонда өздері де білмейді деген сөз ғой. Міне 9-шы үйдің  5-ші корпусында да  сол 83-ші пәтер. Мында да 83 пәтер бар. Біз жақта бас-яғы үш 83 пәтер бар.  Өздері білмейді не істеп жүргендерін. Барлығына звондадық. Біреуі білмейді. Кім жіберді? Бұйрық берген адам жоқ. Екі күн тұрды солай. Тұрғындардың барлығы қорықты. Он минуттың ішінде бір автобус адам келді» , - дейді  екі күн бойы қамауда болған тұрғыны  Шара Қанымқұл.

Күні- түні ұйқысыз жұмыс істеп жатырмыз деген жауаптылар бұл тұрғынның сөзін жоққа шығармайды. Көп қабатты тұрғын үйдің бір кіреберісін қателесіп жапқандарын мойындап отыр. Бірақ екі күнге емес, 1-2 сағатқа ғана дейді.  Сөздерінше үш күннің ішінде бірінен соң бірі тіркелген 75 жағдай шатастырып жіберіпті.

«Сол 75 жағдай тіркелгенде 51 подъезд, 17 жеке үйлер болды. Енді оны түсінуге болады. Тіркелген  ауруларды бірінші біз жедел жәрдемге беруіміз керек. Тездетіп оқшаулау үшін. Екіншіден сол ауру шыққан үйді, пәтерді, подъезді оқшаулауымыз керек.  «Батыс 2» ықшам ауданында  алты үй болды.  Сондықтан жергілікті полиция қызметі 9-шы үйдің  3-ші корпусынан  шатасқан. Бірақ жергілікті полиция бір сағаттың ішінде шешім қабылдап,  «бәрін реттедік»  деп бізге хабар берді» - деді Ақтөбе облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Бүгін Ақтөбеде коронавирус жұқтырған тағы бес жағдай тіркелді. Мамандар бүгінгі науқастар бұған дейін індет анықталған полицейлермен қатынаста болған туыстары мен көршілері дейді. Жалпы Ақтөбе облысында осы күнге дейін коронавирус жұқтырған 168 жағдай тіркелді.

Жанар ҚОЖАНОВА

Фото ғаламтордан алынды.

Байланысты жаналықтар

Әкімдердің арасында ең жаңа автокөлікті Нәлібаев теуіп жүр

18.09.2020

Диссертация мен ғылыми басылымдар – ғылымның айнасы

23.05.2020

Сапарбаев 61 млрд теңгені қалай игеріп жүргенін айтты

18.08.2020

Балиева балаларды бірінші сыныптан әскерге бермек

25.02.2020

Әкім Қуанышбек Ысқақов 18 миллионға кілем алмақшы

28.02.2020

Қазақстан ғылымының жай-күйі қандай?

12.04.2020