Біртановтың Тілеухан мен Перуашевқа алғысы осы болды

Malim Админ

  • 14.05.2020

Кеше Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі» кодексінің жобасын мақұлдады. Бұл қоғамда үлкен шу тудырған, халық қол жинап, қарсы болған заң жобасы еді. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгін фейсбук парақшасында түсінік берді.

«Бірақ бұл біз жүрмек жолдың ортасы ғана. Әлі жұмыс аяқталған жоқ. Бірақ қазірдің өзінде бұл заң жобасын Мәжіліс қолдап отыр. Вакцинация, трансплантация, скринг, донорлық сияқты жекелеген салаларға қоса, медицина қызметкерлерінің жеке статусы да кодекс жобасында қарастырылған.

Президент тапсырмасымен санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту нормалары да қарыстырылды» деген министр вакцинация мәселесіне арнайы тоқталып, шуды біржола тоқтатқысы келгендей..

«Соңғы кезде әлеуметтік желіде кодекске қарсы әртүрлі пікір туды. Вакцинацияны міндеттеу дұрыс емес, сапасыз вакцина, оған халықтың көбі қарсы, адам ағзасына кері әсер ететін дәрі-дәрмек деген сияқты шындыққа жанаспайтын сөздер тарады. Бұл - халық санасын манипуляциялау.

Вакцинация Қазақстанда міндетті болмаған, бұдан кейін де ешкімді мәжбүрлемейміз. Барлық елдердегі сияқты бізде де ерікті, және алуға тиісті вакциналар болады. Бірақ әрбір ата-ананың вакцинаға келісім беріп, я бас тартуына хақы бар. Вакцина алмаған балалардың құқығын шектейтін ешқандай норма жоқ. Бір ғана норма бар, коллективтік иммунитетті қамтамасыз ету үшін вакцина салынады, балабақшадағы балалардың денсаулығы үшін.

Әрбір вакцина елімізде көптеген кезеңдік тексерілуден өтеді. Пайдалысы, сапалысы халықаралық стандартқа сайы (GMP) алынады. Вакцина сапасы тіркелген күннен бастап тексеріледі. Тіркелгеннен кейін тағы қауіпсіздігін анықтайды. Одан кейін қаншалықты пайдасы бары тағы сарапқа салынады.

Бұл кодекс Мәжіліс спикері Н. Нығматуллин мен вице-спикер Г. Исимбаева жетекшілігімен қарастырылып, қабылданды. Сол үшін алғыс айтамын. Сонымен қатар әлеуметтік-мәдени даму комитетінің бұрынғы басшысы Г. Әбдіқалықоваға, қазіргі басшысы Б. Мамраевқа, жұмыс тобының жетекшісі, З. Аманжолова рахмет айтамын», – деген Елжан Біртанов осы жұмысқа ат салысқан барша депутаттарды атап, сонымен қатар вакцинацияға мәжбүрлеуге қарсы болған Б. Тілеуханға рахметін айтты.

«А. Перуашев пен Б. Тілеухандардың да қосқан үлестерін айтпай кетуге болмас. Заң жобасының жетілуіне бұл кісілердің үлесі бар», – деді министр.

Байланысты жаналықтар

Моншалар мен сауда үйлері ашыла бастайды

19.05.2020

Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы да ұзартылды

06.05.2021

Біртанов Бекшиннің мәлімдемесіне қатысты түсінік берді

10.03.2020

Біртановтан Назарбаевқа дейін: Шенеуніктерді ауыртқан кім?

18.06.2020

Цой: Тегін вакцина салдырғыңыз келмесе, апта сайын ПТР тапсырыңыз

23.06.2021

Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырды

12.06.2020
MalimBlocks
Моншалар мен сауда үйлері ашыла бастайды

Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы да ұзартылды

Біртанов Бекшиннің мәлімдемесіне қатысты түсінік берді

Біртановтан Назарбаевқа дейін: Шенеуніктерді ауыртқан кім?

Цой: Тегін вакцина салдырғыңыз келмесе, апта сайын ПТР тапсырыңыз

Қызмет көрсету саласы қызметкерлері, өнеркәсіп пен өзге де қызметкер саны жиырмадан асатын ұжымдар вакцина алудан бас тартқан жағдайда апта сайын ПТР тапсыруға міндеттеледі. Бұл туралы бүгін брифингіде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырды