Азат Перуашев: Теңгені Ресей рублінен босатпасақ, девальвация тоқтамайды

Редактор Редактор

  • 17.01.2025

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Ұлттық банкті «қорқақтық танытты» деп айыптап, теңгенің девальвациясы жалғасатынын, ал Ресей рублінің құлдырауы Қазақстан экономикасына ауыртпалық түсіретінін мәлімдеді.  Ол өзінің Telegram-арнасында осылай жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Бұл шешім емес, бұл қорыққандықтан басын құмға тығу. Барлығы бұрыннан түсінікті, инфляцияға әсер етіп отырған мәселе – теңгенің көптігі емес, өзіміздің тауар өндірудің жетіспеушілігі, оның табиғи нәтижесі – ішкі нарықтың импортқа тәуелділігі. Ал доллардың нығаюы мен рубльдің құлдырауы Қазақстанға сауда шектеулерінің ауыртпалығын түсіріп жатыр (рубльді теңгеге айналдыру және доллар сатып алу арқылы) – инфляцияға енді теңгенің одан әрі девальвациясы да әсер етіп жатыр. Бұл процесс жалғасады, себебі санкциялар салдарынан құлдыраған рубль біздің экономикамызды да тұншықтырып жіберетін болады», – деп жазды Перуашев.

Перуашевтің айтуынша, экономиканы түзету үшін рубль мен теңгенің конвертациясынан бас тарту немесе отандық өндірісті ынталандыру қажет, бірақ бұл үшін пайыздық мөлшерлемені төмендету керек, ал қазіргі мөлшерлемемен өндірісті дамыту мүмкін емес.

Фото: akzhol.kz

Байланысты жаналықтар

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 10-шы хат

30.03.2025

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанда криптобанк құруды ұсынды

26.03.2025

«Қазақмыстың» сирек металдарды сыртқа шығарып жатқаны рас па?

05.03.2025

Доллар 500 теңгеден төмен түсті

25.02.2025

Сарапшы: Қазақстан экономикасына шұғыл реформа керек

13.02.2025

Сарапшы: Президент Тоқаев ҚҚС-ң талқылау шеңберін нақты белгіледі

08.02.2025
MalimBlocks
«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 10-шы хат

Қызық жағдай кинoда бoлып жатыр. Бұрын «талантты, маман кинo рeжиссeрлeрi жeтпeйдi» дeп қиналатынбыз. Eндi eлугe жуық рeжиссeр бар, ал қoятынымыз – жылына бiр фильм. Бiр кeздeгi eң таңдаулы кинo қалашығы қаңырап тұр. Oл да шeтeлдiктeргe жалға iстeп жатыр.

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанда криптобанк құруды ұсынды

Оның пікірінше, бұл қаржы институты цифрлық активтердің айналымын заңдастыруға және реттеуге ықпал етеді

«Қазақмыстың» сирек металдарды сыртқа шығарып жатқаны рас па?

Сирек металдарды тұтынудың көлемі әлем бойынша жыл сайын өсіп отыр

Доллар 500 теңгеден төмен түсті

Сарапшы: Қазақстан экономикасына шұғыл реформа керек

Сарапшы: Президент Тоқаев ҚҚС-ң талқылау шеңберін нақты белгіледі