Коронавируспен ауырған дәрігерлер жұмыссыз қалды

Malim Админ

  • 25.05.2020

300-ден астам қызметкерінен коронавирус анықталған Алматыдағы орталық қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері вирустан айыққан соң, жұмыссыз қалғанын айтады.

Facebook әлеуметтік желісінде Алматыдағы орталық қалалық клиникалық аурухананың бірқатар дәрігері коронавирустан айыққан соң өздерін жұмыста ешкім күтпегенін, медициналық қызметкерлер жұмыссыз қалғанын жазды. Бұл жазба орталық қалалық клиникалық ауруханасы гинекология бөлімінің меңгерушісі Гаухар Әміреева,  дәрігер Эльнура Ғаббасова мен Ғалымжан Баймағамбетовтің парақшаларында жарияланды.

"Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері, олардың отбасы мүшелерінің жаппай вирус жұқтырғанына бір жарым айдан асты. Қорқынышты аурудан айығу үшін бір жарым ай кетті, өкінішке қарай, бұл аурудан бәрі бірдей айыға алмады. Көп жылдан бері білетін, бірге жұмыс істеген аурухана қызметкері қайтыс болды. Біз бір жарым ай бойы жұқпалы аурулар ауруханасында арнайы ем қабылдадық, күн сайын тест "коронавирусқа теріс нәтижені" анықтап, біз күнделікті өмірге ораламыз, денсаулығымыз қалпына келген соң, коронавируспен күресіп жүрген әріптестерімізге қосылып, жұмысқа шығамыз деп үміттендік.

Ал енді аурудан айыққаннан кейін бізді не күтіп тұрды? Бізді ешкім күтпейтіні белгілі болды. Біздің көптеген қызметкерлерімізде жұмыс жоқ, өйткені біздің аурухана бірнеше күн ішінде тиісті бұйрықсыз "Инфекциялық аурухана" болып қайта құрылды және көптеген мамандарымыз қажетсіз болып қалды.Енді біздің гинекологтар, хирургтар, травматологтар және басқа да мамандар жұмыссыз, күнкөріске керек ақшасыз қалды. Біздің аурухананың әкімшілігі мен денсаулық сақтау бөлімінің қызметкерлері байланысқа шықпайды, біздің сұрақтарымызға жауап жоқ. Бұл жағдайды түсінуге, кімнің кінәлі екенін және бұдан әрі не істеу керектігін білуге ​​уәде еткендердің бәрі "БОС" сөз болып қалды. Уәде етілген комиссия тексеріс нәтижесін ығарып, оны көпшіліктен жасырып отыр немесе ол комиссия мүлде құрылмады. Бақылау комиссиясы қазір қайда, оның жұмыс нәтижесі қандай деген сұрақтарға кім жауап береді? Біз неге аурухана табалдырығын тоздырып, жабық есікті қағып жүруіміз керек? Өтемақы туралы мәселенің бетін де жылы бүркеп жаба салды. Жұмысқа қабілетті болып тұрғанда, ұйқы мен отбасымызды қалдырып, бірнеше тәулік бойы жұмыс істей алатын шақта қажет болдық та, енжі өзіміз мемлекет көмегіне мұқтаж болып қалғанда, біді елеусіз қалдырғандарыңызға жол болсын!

Дәрігерлер – өте шыдамды және еңбекқор халық, біз осындай қиын уақытта жанжал шығарып, ел-жұртты өзімізге назар аудартқымыз келмейді, бірақ сіздердің іс-әрекетеріңіз бізді әлеуметтік желілерде өз проблемаларымызды жазуға мәжбүр етеді", - деген дәрігерлер сұрақтарына жауап беруді сұрап, диалог қажеттігін айтты.
Біз осы жазбаның авторы Ғалымжан Баймағамбетовке де, Гаухар Әмірееваға да хабарласып көрдік. Гаухар Әміреева дәл қазір осы мәселенің шаруасымен жүргенін айтып, уақыты болғанда сұхбат беретінін айтты.

Дәл қазір, сағат төртте Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров пен қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев бұл мәселені шешу жолдарын қарастыру үшін дәрігерлермен онлайн  жиналыс өткізіп жатыр.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы ҚазТАГ ақпарат агенттігіне берген жауабында 3 мамырдан бастап орталық қалалық клиникалық аурухана көппрофильді инфекциялық стационар режимінде жұмыс істеп жатқанын жеткізген. "Қазіргі кезде орталық қалалық клинкалық аурухана қызметкерлерін карантин  кезінде басқа медицина мекемелеріне жұмысқа орналастыру бойынша шаралар қолға алынып жатыр", - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Қазіргі кезде инфекциялық стационарда жұмыс істеуге келіскен аурухананың 239 қызметкері жұмысын жалғастырып жатыр. 70 қызметкер еңбек демалысында. Аурудан айығып немесе карантиннен шыққан 143 қызметкер жұмысқа шығуды күтіп отыр".

Ал жалпы ауруханада 852 медицина қызметкері жұмыс істейді.

Фото: Azattyq.org

 

Байланысты жаналықтар

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

30.06.2022

Қаңтар қырғынында туғандар

07.02.2022

Денсаулық сақтау министрі жаңа болжамын жариялады

12.01.2022

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

23.12.2021

Вакцина мен дақпырт: Сіз қайсысына сенесіз?

20.12.2021

Жағымды сценарий жүзеге асып жатыр - Цой

14.12.2021
MalimBlocks
Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

Ауру жұқтырғандар саны тәулігіне 100 адамға дейін жетіп отыр

Қаңтар қырғынында туғандар

Әйелін перзентханаға әкелген ер адам қайтар жолда оққа ұшты

Денсаулық сақтау министрі жаңа болжамын жариялады

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

Вакцина мен дақпырт: Сіз қайсысына сенесіз?

Жағымды сценарий жүзеге асып жатыр - Цой